Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата от 9 июля 2010 года № 313 "О правилах оказания жилищной помощи"

Ереже · № 207 · қабылданған 07.02.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2010-no-313-ekb-77779/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата от 9 июля 2010 года № 313 "О правилах оказания жилищной помощи" Күшін жойған Ереже ·№ 207 ·07.02.2014
09.02.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата от 9 июля 2010 года № 313 "О правилах оказания жилищной помощи"

Күшін жойған Ереже ·№ 207 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата от 9 июля 2010 года № 313 "О правилах оказания жилищной помощи"
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2010 жылғы 9 шілдедегі № 313 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
207
Қабылданған күні
07.02.2014
Көрсетілген редакция
09.02.2015 77779_112533.kaz
Соңғы өзгеріс
09.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14NA004463
ЭКБ идентификаторы
77779
Редакция идентификаторы
77779_112533
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:57

0 Мәслихаттың 2010 жылғы 9 шілдедегі № 313 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Мәслихаттың 2010 жылғы 9 шілдедегі № 313 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-1-152 тіркелген, 2010 жылғы 24 тамызда және 2010 жылғы 26 тамызда "Костанай" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасындағы:
1-тармақтың 6-абзацы алынып тасталсын;
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі – өтініш беруші) тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган), немесе халыққа қызмет көрсету орталығына (бұдан әрі – орталық) балама негізде өтініш береді және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.";
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"12. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.".

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратады.

КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай қаласы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалары бөлімі"
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
___________________ Б. Шаяхметов
"07" ақпан 2014 жыл
"Қостанай қаласы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_________________ Н. Дорошок
"07" ақпан 2014 жыл

Қолданыстағы