Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата от 9 июля 2010 года № 313 "О правилах оказания жилищной помощи"

Ереже · № 260 · қабылданған 06.10.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2010-no-313-ekb-84015/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата от 9 июля 2010 года № 313 "О правилах оказания жилищной помощи" Күшін жойған Ереже ·№ 260 ·06.10.2014
09.02.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата от 9 июля 2010 года № 313 "О правилах оказания жилищной помощи"

Күшін жойған Ереже ·№ 260 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата от 9 июля 2010 года № 313 "О правилах оказания жилищной помощи"
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2010 жылғы 9 шілдедегі № 313 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
260
Қабылданған күні
06.10.2014
Көрсетілген редакция
09.02.2015 84015_112529.kaz
Соңғы өзгеріс
09.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14NA005135
ЭКБ идентификаторы
84015
Редакция идентификаторы
84015_112529
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:23

0 Мәслихаттың 2010 жылғы 9 шілдедегі № 313 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1.

Мәслихаттың 2010 жылғы 9 шілдедегі № 313 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-1-152 тіркелген, 2010 жылғы 24 тамызда және 2010 жылғы 26 тамызда «Костанай» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету қағидасындағы:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегін «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Уәкілетті орган) көрсетеді.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалының Қостанай бөліміне (бұдан әрі - ХҚО) немесе www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталына (бұдан әрі - портал) балама негізде өтініш береді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген, «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде ұсынады - күнтізбелік 10 (он) күн.
Құжаттар топтамасын ХҚО-ға тапсыру күні тұрғын үй көмегін көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.»;
5-тармақ алынып тасталсын;
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Тұрғын үй көмегі өтініш беру айынан бастап тағайындалады және жылыту маусымының соңына дейін тағайындалатын жылдың бірінші тоқсанын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған ағымдағы тоқсанға көрсетіледі. Зейнеткерлер мен мүгедектерге тұрғын үй көмегін тағайындау бүкіл жылыту маусымына жүзеге асырылады.»;
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған табыстардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған табыстар туралы мәліметтер есепке алынады.»;
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«11. Тұрғын үй көмегін көрсету мәселелері жөнінде туындаған келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.»;
14-тармақ алынып тасталсын.

2 2.

Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай қаласы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________________ Г. Туленова
"06" қазан 2014 жыл
"Қостанай қаласы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________________ Н. Дорошок
"06" қазан 2014 жыл

Қолданыстағы