О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 ноября 2011 года № 1311 "Об утверждении форм налоговых регистров и правил их составления"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 ноября 2011 года № 1311 "Об утверждении форм налоговых регистров и правил их составления"
- Атауы (қаз.)
- "Салық тіркелімдерінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 қарашадағы № 1311 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 802
- Қабылданған күні
- 21.07.2014
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI81503_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1400000802
- ЭКБ идентификаторы
- 81503
- Редакция идентификаторы
- AI81503_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:04
0 "Салық тіркелімдерінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 қарашадағы № 1311 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Салық тіркелімдерінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Казахстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 қарашадағы № 1311 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 25-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысаны осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Салық тіркелімдерінің нысандарын жасау қағидаларында:
25-тармақтың 2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
35-тармақтың үшінші бөлігінің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
41-тармақтың 2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
43-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын;
«3) 3-бағанда - тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі), тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірін (бизнес-сәйкестендіру нөмірін) көрсету мүмкіндігі болмаған кезде, оның мынадай деректерінің біреуін көрсету қажет: жеке куәлігінің немесе паспортының нөмірі, мекенжайы, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру немесе тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу орны;»;
46-тармақтың 2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
48-тармақтың 2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
51-тармақтың 2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
58-тармақтың 2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
0 Сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді есепке алу бойынша салық тіркелімі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 21 шілдедегі
№ 802 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 9 қаңтардағы
№ 1311 қаулысымен
бекітілген
нысан
Сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді есепке алу бойынша салық тіркелімі
1. ЖСН
2. Салық төлеушінің Т.А.Ә. немесе атауы ______________________
3. Кезең: ___________________ жыл: ___________________________
(теңге)
Р/с
№
Жеткізушінің Т.А.Ә. немесе атауы
Жеткізушінің ЖСН/БСН, жеткізушінің ЖСН/БСН көрсету мүмкіндігі болмаған кезде, жеткізушінің мынадай деректерінің біреуін көрсету қажет: жеке куәлігінің немесе паспортының нөмірі, мекенжайы, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру немесе тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу орны
шот-фактура немесе бастапқы құжат
тауар құнының жиыны
нөмірі
жазып берілген күн
ҚҚС-ты ескере отырып
оның ішінде ҚҚС сомасы
1
2
3
4
5
6
7
Бір айдың жиыны:
Салық кезеңіндегі жиыны:
_____________________________________________________________________
(дара кәсіпкердің Т.А.Ә., қолы, мөрі)
_____________________________________________________________________
(салық тіркелімін жасауға жауапты адамның Т.А.Ә., қолы)
_____________________________________________________________________
(салық тіркелімі жасалған күн)