О внесении изменения в постановление акимата от 9 марта 2011 года № 70 "Об организации общественных работ для безработных на 2011 год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата от 9 марта 2011 года № 70 "Об организации общественных работ для безработных на 2011 год"
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 70 "2011 жылға жұмыссыздарға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 236
- Қабылданған күні
- 19.08.2011
- Көрсетілген редакция
- 04.01.2012 AI60576_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.01.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11NH000182
- ЭКБ идентификаторы
- 60576
- Редакция идентификаторы
- AI60576_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:45
0 Әкімдіктің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 70 "2011 жылға жұмыссыздарға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабы 1 тармағына, 7 бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңың іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесінің 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 231 бабы 2 тармағына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Әкімдіктің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 70 "2011 жылға жұмыссыздарға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9-8-170 болып тіркелген, 2011 жылғы 15 сәуірде "Наше время" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
3 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырған кезде, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік салық және қосылған құн салығы аудандық бюджеттен өтеледі және жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аударылады;".
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
"Денисов ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________________ Д.Мұсылманқұлова
"Денисов ауданы әкімдігінің
экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ С.Рахметова