Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 августа 2011 года № 920 «Об утверждении Правил продажи объектов приватизации»

Қаулы · № 372 · қабылданған 05.06.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2011-no-920-ekb-132104/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 августа 2011 года № 920 «Об утверждении Правил продажи объектов приватизации» Қолданыста Қаулы ·№ 372 ·05.06.2019
05.06.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.06.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 августа 2011 года № 920 «Об утверждении Правил продажи объектов приватизации»

Қолданыста Қаулы ·№ 372 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 августа 2011 года № 920 «Об утверждении Правил продажи объектов приватизации»
Атауы (қаз.)
«Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
372
Қабылданған күні
05.06.2019
Көрсетілген редакция
05.06.2019 132104_408590.kaz
Соңғы өзгеріс
05.06.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1900000372
ЭКБ идентификаторы
132104
Редакция идентификаторы
132104_408590
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:37

0 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы

№ 920 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 706-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасында:
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Егер мүліктік кешен ретіндегі мемлекеттік кәсіпорын өткізілген үш сауда-саттық нәтижесі бойынша сатылмаған жағдайда, аталған мемлекеттік кәсіпорын қосу не біріктіру жолымен қайта ұйымдастыруға жатады немесе таратуға жатады.
Егер мемлекеттің қатысуы жүз пайызды құрайтын акционерлік қоғамдардың акциялары және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестері өткізілген үш сауда-саттық нәтижесі бойынша сатылмаған жағдайда, аталған заңды тұлғалар таратуға жатады.»;
42-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша басталады.»;
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«43. Аукцион залында аукцион Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбі – жұма аралығында өтеді. Аукцион Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі, бұл ретте аукцион Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден кешіктірілмей басталады.»;
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«59. Тендер немесе жабық тендер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбі – жұма аралығында өтеді. Тендер немесе жабық тендер Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 13:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы