О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 9 января 2012 года № 10 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка приемников-распределителей органов внутренних дел»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 9 января 2012 года № 10 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка приемников-распределителей органов внутренних дел»
- Атауы (қаз.)
- «Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 10 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 641
- Қабылданған күні
- 23.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 23.09.2020 146716_482781.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021279
- ЭКБ идентификаторы
- 146716
- Редакция идентификаторы
- 146716_482781
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:40
0 «Ішкі істер органдары қабылдау-тарату
орындарының ішкі тәртіп ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы №10
бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы №10 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7417 болып тіркелді, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 19 мамырдағы № 144-145 (26963)- 26964 санында жарияланды)) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп қағидаларында:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдар, қабылдау-тарату орнынан босатылған кезде «Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын және сотталғандардың киім нысандары үлгілерін, сондай-ақ Қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылатын адамдардың тұрғылықты жеріне немесе жұмысына жету үшін ақысыз жол жүрумен, тамақпен немесе ақшамен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысымен бекітілген, одан әрі орналасу орнына жол жүру уақытына қабылдау-тарату орнында ұстау үшін көзделген тамақтану нормалар бойынша құрғақ тамақ және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша босату туралы анықтама беріледі».