Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 9 января 2012 года № 11 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка специальных приемников органов внутренних дел»

Бұйрық · № 511 · қабылданған 27.08.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 10.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2012-no-11/on/2026-09-10/
Басып шығарылды 2026-09-10 · adilet.kz
О внесении дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 9 января 2012 года № 11 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка специальных приемников органов внутренних дел» Қолданыста Бұйрық ·№ 511 ·27.08.2021
27.08.2021 редакциясы
10.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 9 января 2012 года № 11 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка специальных приемников органов внутренних дел»

Қолданыста Бұйрық ·№ 511 · 10.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 9 января 2012 года № 11 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка специальных приемников органов внутренних дел»
Атауы (қаз.)
«Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының ішкі тәртіп қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 11 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
511
Қабылданған күні
27.08.2021
Көрсетілген редакция
27.08.2021 157635_536282.kaz
Соңғы өзгеріс
27.08.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100024175
ЭКБ идентификаторы
157635
Редакция идентификаторы
157635_536282
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:00

0 «Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының ішкі тәртіп

қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы №11 бұйрығына
толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының ішкі тәртіп қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 11 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7415 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының ішкі тәртіп қағидалары:
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
«12-1 әкімшілік практика бөлінісінің басшысы не жауапты қызметкер осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза туралы соттардың шығарылған және орындалған қаулылары бойынша ай сайын салыстырып тексеруді жүргізуді қамтамасыз етеді.».
осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 4-1-қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Әкімшілік қамау түріндегі жаза туралы соттардың шығарылған және орындалған қаулылары бойынша салыстыру АКТІСІ

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
2021 жылғы 27 тамыздағы № 511
бұйрығына қосымша
Ішкі істер органдары
арнайы қабылдау орнының
ішкі тәртіп қағидаларына
4-1 қосымша
нысан
Әкімшілік қамау түріндегі жаза туралы соттардың шығарылған және
орындалған қаулылары бойынша салыстыру
АКТІСІ
№ р/н
Әкім­ші­лік қа­мау­ға алын­ған адам­ның Т.А.Ә (ол болған жағ­дай­да)
Сот­тың ата­уы, қа­улы­ның шы­ға­ры­л­ған кү­ні, қа­мау мер­зі­мі
Құқық бұ­зу­шы­лық­тың тү­рі (ӘҚ­БтК ба­бы, бө­лі­гі)
Қа­мау кү­ні және уа­қы­ты
Боса­ты­л­ған кү­ні және уа­қы­ты
Ес­кер­ту
Актіні жасаған қызметкердің қолы_____________________________________________
(лауазымы, шені, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), қолы)

Қолданыстағы