Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 октября 2012 года № 1280 «Об утверждении Правил формирования и использования региональных стабилизационных фондов продовольственных товаров, признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан и о внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2009 года № 220 «Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания»

Қаулы · № 242 · қабылданған 22.04.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2012-no-1280-26-2009-no-220/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 октября 2012 года № 1280 «Об утверждении Правил формирования и использования региональных стабилизационных фондов продовольственных товаров, признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан и о внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2009 года № 220 «Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания» Күшін жойған Қаулы ·№ 242 ·22.04.2016
20.02.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 октября 2012 года № 1280 «Об утверждении Правил формирования и использования региональных стабилизационных фондов продовольственных товаров, признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан и о внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2009 года № 220 «Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания»

Күшін жойған Қаулы ·№ 242 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 октября 2012 года № 1280 «Об утверждении Правил формирования и использования региональных стабилизационных фондов продовольственных товаров, признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан и о внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2009 года № 220 «Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания»
Атауы (қаз.)
«Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1280 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
242
Қабылданған күні
22.04.2016
Көрсетілген редакция
20.02.2020 101725_445634.kaz
Соңғы өзгеріс
20.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1600000242
ЭКБ идентификаторы
101725
Редакция идентификаторы
101725_445634
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:27

0

«Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1280 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1280 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1075-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1 1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы»;

2 2) кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

3 3) көрсетілген қаулымен бекітілген Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану тәртібін айқындайды.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Шарттың әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс органы мамандандырылған ұйыммен тұрақтандыру қорының заттай және ақшалай мәндегі өтпелі активтерімен жаңа шарт жасасады.
Егер Комиссияның шешімі бойынша азық-түлік тауарларын өткізу сатып алу бағасынан төмен баға бойынша жүзеге асырылса, онда ақшалай мәндегі өтпелі активтер сатып алу және өткізу бағаларының айырмасын шегере отырып беріледі.
Тұрақтандыру қоры таратылған жағдайда, мамандандырылған ұйым азық-түлік тауарларын сатып алу үшін пайдаланылған бюджет қаражатының жергілікті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Егер Комиссияның шешімі бойынша азық-түлік тауарларын өткізу сатып алу бағасынан төмен баға бойынша жүзеге асырылса, онда соманың қайтарылуы сатып алу және өткізу бағаларының айырмасын шегере отырып жүзеге асырылады.»;
19-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұрақтандыру қорын қалыптастыру кезінде азық-түлік тауарларын сатып алу тауар өндірушілерден тікелей жүзеге асырылады.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Комиссияның шешімі бойынша азық-түлік тауарларын өндірумен байланысты шығындарды алдын ала қаржыландыру жолымен азық-түлік тауарларының жоспарланған көлемін кепілді сатып алу мақсатында мамандандырылған ұйыммен азық-түлік тауарларын тауар өндірушілерден сатып алуға фьючерстік және форвардтық шарттар жасасуға жол беріледі. Бұл ретте көрсетілген шарттардың орындалуына жауапкершілік тиісті шарт жасасқан мамандандырылған ұйымға жүктеледі.»;

4 4) көрсетілген Қағидаларға қосымшада:

«4. Тараптардың міндеттері» деген бөлімде:
2-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) азық-түлік тауарларын тауар өндірушілерден тікелей сатып алуды жүзеге асыруға;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) осы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін заттай және ақшалай мәндегі өтпелі активтерді ескере отырып, жаңа шарт жасасуға;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) Тұрақтандыру қорлары таратылған жағдайда азық-түлік тауарларын сатып алу үшін пайдаланылған бюджет қаражатын жергілікті бюджетке қайтаруға міндетті. Егер Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияның шешімі бойынша азық-түлік тауарларын өткізу сатып алу бағасынан төмен баға бойынша жүзеге асырылса (тапсырыс берушінің жазбаша хабарламасына сәйкес), онда соманың қайтарылуы сатып алу және өткізу бағаларының айырмасын шегере отырып жүзеге асырылады.»;

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы