О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 ноября 2012 года № 1427 «Об утверждении Правил отнесения социально значимых и (или) индустриально-инновационных проектов, реализуемых Фондом национального благосостояния или организацией, входящей в группу Фонда национального благосостояния, к низкорентабельным»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 ноября 2012 года № 1427 «Об утверждении Правил отнесения социально значимых и (или) индустриально-инновационных проектов, реализуемых Фондом национального благосостояния или организацией, входящей в группу Фонда национального благосостояния, к низкорентабельным»
- Атауы (қаз.)
- «Ұлттық әл-ауқат қоры немесе Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұйым іске асыратын әлеуметтік маңызы бар және (немесе) индустриялық-инновациялық жобаларды рентабельділігі төмен жобаларға жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 1427 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1071
- Қабылданған күні
- 27.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2022 176249_615598.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200001071
- ЭКБ идентификаторы
- 176249
- Редакция идентификаторы
- 176249_615598
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 21:25
0 «Ұлттық әл-ауқат қоры немесе Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұйым іске асыратын әлеуметтік маңызы бар және (немесе) индустриялық-инновациялық жобаларды рентабельділігі төмен жобаларға жатқызу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 1427 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Ұлттық әл-ауқат қоры немесе Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұйым іске асыратын әлеуметтік маңызы бар және (немесе) индустриялық-инновациялық жобаларды рентабельділігі төмен жобаларға жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 1427 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық әл-ауқат қоры немесе Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұйым іске асыратын әлеуметтік маңызы бар және (немесе) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды рентабельділігі төмен жобаларға жатқызу қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Ұлттық әл-ауқат қоры немесе Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұйым іске асыратын әлеуметтік маңызы бар және (немесе) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды рентабельділігі төмен жобаларға жатқызу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры немесе Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұйым іске асыратын әлеуметтік маңызы бар және (немесе) индустриялық-инновациялық жобаларды рентабельділігі төмен жобаларға жатқызу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Ұлттық әл-ауқат қоры немесе Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұйым іске асыратын әлеуметтік маңызы бар және (немесе) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды рентабельділігі төмен жобаларға жатқызу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2022 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2012 жылғы
9 қарашадағы № 1427
қаулысымен
бекітілген
Ұлттық әл-ауқат қоры немесе Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұйым іске асыратын әлеуметтік маңызы бар және (немесе) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды рентабельділігі төмен жобаларға жатқызу қағидалары
4 Жалпы ережелер
1
1. Осы Ұлттық әл-ауқат қоры немесе Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұйым іске асыратын әлеуметтік маңызы бар және (немесе) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды рентабельділігі төмен жобаларға жатқызу қағидалары «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Ұлттық әл-ауқат қоры (бұдан әрі – Қор) немесе Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұйым (бұдан әрі – Қор тобы) іске асыратын әлеуметтік маңызы бар және (немесе) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды рентабельділігі төмен жобаларға жатқызу тәртібін белгілейді.
2 2. Қор тобына кіретін компаниялар Қазақстан Республикасының Үкіметі бастама жасайтын әлеуметтік маңызы бар және (немесе) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды Қордың қарауына жібереді.
3
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі бастама жасайтын, Қор немесе Қор тобына кіретін ұйым іске асыратын әлеуметтік маңызы бар және (немесе) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды рентабельділігі төмен жобаларға жатқызу туралы шешімді Қордың директорлар кеңесі қабылдайды және бекітеді. Мұндай жобаларды қаржыландыру туралы шешімді де Қордың директорлар кеңесі қабылдайды.
________________________________________