О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 9 ноября 2012 года № 17-02/566 «Об утверждении Инструкции проведения лесоустройства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 9 ноября 2012 года № 17-02/566 «Об утверждении Инструкции проведения лесоустройства»
- Атауы (қаз.)
- «Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 17-02/566 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 203
- Қабылданған күні
- 06.09.2024
- Көрсетілген редакция
- 06.09.2024 200606_719094.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400035060
- ЭКБ идентификаторы
- 200606
- Редакция идентификаторы
- 200606_719094
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:44
0 «Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 17-02/566 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 17-02/566 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № № 8181 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығында:
4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Орман орналастыру материалдары бойынша орман орналастыру ұйымы орман иеленушілер үшін орман орналастыру жобасын құрады, ол орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекітілгеннен кейін орман пайдалануды жүргізуге, қазіргі және болашақтағы пайдалануды жоспарлау мен болжауға, орман шаруашылығы мәселелерін шешуге арналған негізгі ұйымдық-шаруашылық құжат болып табылады.
Орман шаруашылығын жүргізуді регламенттейтін жаңа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу кезінде (Қазақстан Республикасының Орман кодексі 2003 жылғы 8 шілдедегі № 477, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 Заңы, «Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 18-02/596 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 тамызда № 11894 болып тіркелген), «Ормандарды молықтыру мен орман өсіру және олардың сапасына бақылау жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 18-02/681 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 қаңтарда № 10119 тіркелген), «Ормандардағы санитариялық қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 18-02/1003 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 желтоқсанда № 12394 болып тіркелген), «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 18-02/664 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 қыркүйекте № 11995 болып тіркелген), уәкілетті органның тапсырмасымен орман орналастыру мекемесі бір ай ішінде орман орналастыру жобасына түзетулер енгізеді, ол қолданысқа енгізу жөніндегі барлық рәсімдер сақтала отырып, тапсырыс берушіге беріледі.»;
7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Орман шаруашылығын жүргізуді жүзеге асыратын тұрақты жер пайдалануындағы мемлекеттік орман иеленушілердің мемлекеттік орман қорының (бұдан әрі – МОҚ) жерлері және басқа санаттағы жерлерде табиғи шыққан екпелер орман орналастыру объектісі болып табылады.»;
18-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Тексеру кезеңі далалық орман орналастыру жұмыстары жүргізілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан басталады және бірінші орман орналастыру кеңесінің ұсынысы бойынша белгіленетін кезеңге (10, 15, 20, 25 жыл) жалғасады. Тексеру кезеңі Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерде орман иеленуші алаңының едәуір ұлғаюы немесе азаюы, орман қоры құрылымындағы өзгерістерге әкеп соққан өрттердің, дауылдардың және басқа да табиғи апаттардың әсерінен өзгерістер болған жағдайларда, орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік органның шешімі бойынша Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығына 1-қосымшаның 2-кестесі шегінде түзетіледі.»;
28-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Орман иеленушілерінің мамандары орман орналастыру жұмысының сапасын тұрақты қадағалайды, ай сайын Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығына 2-3 – қосымшаларға сәйкес көрсетілген қызметтердің актісін және нысандар бойынша көрсетілген қызметтерді бағалау актісін құрастырады және атқарылған жұмысты қабылдайды.
Орман орналастыру жұмыстарын бақылауды және қабылдауды жүзеге асыратын орман иеленушілер, орман иеленушілер жүргізетін басты пайдалану, аралық пайдалану, өзге де кесу, ормандарды молықтыру, өртке қарсы және орман қорғау іс-шараларын жүргізу бөлігінде орман шаруашылығы іс-шараларын тағайындаудың дұрыстығына бірдей дәрежеде жауапты болады.»;
Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығына 1-қосымшадағы 13-кесте осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
1 Орман мекемелері бойынша жасалған орман орналастыру материалдарының тізбесі:
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2024 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 203 Бұйрыққа
қосымша
Орман орналастыруды
жүргізу нұсқаулығына
1-қосымшаға
13-кесте
Орман мекемелері бойынша жасалған орман орналастыру материалдарының тізбесі:
1. Өкілетті органның қарамағындағы мекемелер бойынша
№
Материал түрі
Барлығы
дайындалатын,
дана
Материалдар тапсырылады, саны
өкілетті органға
облыстық
аумақтық органға
орман иеленушісіне
орманшылыққа
орман
орналастыру ұйымына
1
2
3
4
5
6
7
8
1
Орман орналастыру жобасы:
1 Том
Түсіндірме жазба
а) орман мекемелері бойынша
2
PDF
PDF
1
-
1 және PDF
б) орманшылықтар үшін
әр
орманшылыққа
-
-
-
PDF
-
2
Том 2
2
-
PDF
1
-
1 және PDF
1 Кітап
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінің сипаттамасы
Орман мекемелері бойынша және орманшылықтар шегінде жиынтық деректер
2 Кітап
2
-
PDF
1
-
1 және PDF
Алдағы тексеру кезеңіне арналған орман шаруашылық шаралар
Орман мекемелері бойынша және орманшылықтар шегінде жиынтық деректер
3
Том 3
3
-
PDF
1
1
1 және PDF
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінің таксациялық сипаттамасы
4
Том 4
әр
орманшылыққа
-
-
-
1
PDF
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінің сипаттамасы және орманшылық бойынша жобаланатын орман шаруашылығы іс-шаралары
5
Планшеттер
2
-
-
1
1
электрондық нұсқа
6
Орманшылықтар бойынша алқаағаштардың пландары, боялған:
3
-
JPEG
1
1
1
а) тұқымдылар бойынша
б) шаруашылық шаралар бойынша
2
-
-
1
1
-
в) мастерлік учаскелер бойынша
әр мастерлік учаскеге
-
-
-
1
-
г) орман айналымдары бойынша
әр орман айналымына
-
-
-
1
-
7
Алқаағаштардың боялмаған пландары
4
-
-
2
2
-
8
Орман мекемелерінің карта-схемалары:
1 және электрондық нұсқа
а) тұқымдылар бойынша боялған
2
-
1
1
-
-
б) аумақты өртке қарсы орналас-тырылу бойынша
2
-
1
1
-
-
в) боялмаған
8
-
2
6
-
-
Ескерту: PDF, JPEG – электрондық форматтағы құжат.
2. коммуналдық меншігіндегі орман мекемелері бойынша
№
Материал түрі
Барлығы дайындалатыны, дана:
Материалдар тапсырылады, саны
өкілетті органға
облыстық аумақтық органға
әкімдіктің орман басқармасына
орман иеленушісіне
орманшылыққа
орман орналастыру ұйымына
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1
Орман орналастыру жобасы:
1 Том
Түсіндірме жазба
а) орман мекемесі бойынша
2
PDF
PDF
PDF
1
-
1
б) орманшылық үшін
әр орманшылыққа
-
-
-
-
PDF
-
2
2 Том
2
-
-
PDF
1
-
1
1 Кітап
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінің сипаттамасы
Орман мекемелері бойынша және орманшылықтар шегінде жиынтық деректер
2 Кітап
2
-
-
PDF
1
-
1
Алдағы тексеру кезеңіне арналған орман шаруашылық шаралар
Орман мекемелері бойынша және орманшылықтар шегінде жиынтық деректер
3
3 Том
3
-
PDF
PDF
1
1
1
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінің таксациялық сипаттамасы
4
4 Том
әр орманшылыққа
-
-
-
-
1
-
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінің сипаттамасы және орманшылық бойынша жобаланатын орман шаруашылығы іс-шаралары
5
Планшеттер
2
-
-
-
1
1
электрондық нұсқа
6
Орманшылықтар бойынша алқаағаштардың пландары, боялған:
3
-
JPEG
JPEG
1
1
1
а) тұқымдылар бойынша
б) шаруашылық шаралар бойынша
4
-
1
1
1
1
-
в) мастерлік учаскелер бойынша
әр мастерлік учаскеге
-
-
-
-
1
-
г) орман айналымдары бойынша
әр орман айналымына
-
-
-
-
1
-
7
Алқаағаштардың боялмаған пландары
4
-
-
JPEG
2
2
-
8
Орман мекемелерінің карта-схемалары:
2
-
JPEG
JPEG
1
-
1 және электрондық нұсқа
а) тұқымдылар бойынша боялған
б) аумақты өртке қарсы орналас-тырылу бойынша
1
-
JPEG
JPEG
1
-
-
в) боялмаған
6
-
-
JPEG
6
-
-
9
Облыс (өңір)бойынша орман шаруашылығын ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі қағидалары
-
PDF
PDF
PDF
PDF
PDF
PDF
10
Облыс бойынша жиынтық орман орналастыру жобасы:
1) түсіндірме жазба
2
1 және PDF
PDF
PDF
-
-
1 және электрондық нұсқа
2) облыс ормандарының тұқымдары бойынша боялған картасы
4
1 және JPEG
1
1
-
-
1
3) МОҚ санаттары бойынша боялған облыс ормандарының картасы
4
1 және JPEG
1
1
-
-
1
Ескерту: PDF, JPEG – электрондық форматтағы құжат.