Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 июля 2012 года № 922 "Об утверждении Правил возмещения части затрат субъектов индустриально-инновационной деятельности по продвижению отечественных обработанных товаров, работ, услуг на внутреннем рынке"

Қаулы · № 1262 · қабылданған 29.11.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2012-no-922/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 июля 2012 года № 922 "Об утверждении Правил возмещения части затрат субъектов индустриально-инновационной деятельности по продвижению отечественных обработанных товаров, работ, услуг на внутреннем рынке" Күшін жойған Қаулы ·№ 1262 ·29.11.2014
18.02.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 июля 2012 года № 922 "Об утверждении Правил возмещения части затрат субъектов индустриально-инновационной деятельности по продвижению отечественных обработанных товаров, работ, услуг на внутреннем рынке"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1262 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 июля 2012 года № 922 "Об утверждении Правил возмещения части затрат субъектов индустриально-инновационной деятельности по продвижению отечественных обработанных товаров, работ, услуг на внутреннем рынке"
Атауы (қаз.)
"Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 922 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1262
Қабылданған күні
29.11.2014
Көрсетілген редакция
18.02.2016 AI84794_2.kaz
Соңғы өзгеріс
18.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400001262
ЭКБ идентификаторы
84794
Редакция идентификаторы
AI84794_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:45

0

"Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 922 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 922 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 62, 859-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында:
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарда көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.»;
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Шығындарды өтеу ұлттық валютада жүргізіледі. Шетелдік валютада жұмсалған шығындарды қайта есептеу Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің индустриялық-инновациялық қызмет субъектісімен есеп айырысу бойынша операцияларды жасау күні қолданыста болған валюта бағамдары бойынша жүзеге асырылады.
8. Мынадай:
1) тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің отандық өндірушілері болып табылатын;
2) өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күнге дейін соңғы 2 (екі) қаржы жылында Қағидалардың 5-тармағында көзделген түрлер бойынша шығын шеккен;
3) салықтар, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша үш айдан ұзаққа созылған берешегі жоқ (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлем мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда);
4) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген экономикалық қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта өткізуді жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өтінімдері қарауға жіберіледі.»;
9-тармақта:
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша үш айдан ұзаққа созылған берешегінің жоқ (бар) екені туралы тиісті салық органының белгіленген үлгідегі анықтамасының түпнұсқасы. Анықтама өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күннен бұрын берілмеуі тиіс;
4) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен куәландырылған отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта өткізу фактісін растайтын құжаттардың (шарттар, шот-фактуралар, орындалған жұмыстар/көрсетілген қызметтер, тауарды жеткізу/қабылдау, өткізу актілері) көшірмелері;»;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) сертификаттау қызметтеріне ақы төлеу үшін валютаны сертификаттау және айырбастау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушіге ақы төлеу валютасының аударылғанын, айырбасталғанын растайтын банк куәландырған құжаттардың көшірмелері.»;
19-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Шарт талаптарына сәйкес индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту жөніндегі шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша уәкілетті органға қызметтер көрсету кезінде жұмсалған ұлттық институттың әкімшілік шығыстарын өтеу республикалық бюджетте шығындардың бір бөлігін көрсетілген өтеуге көзделген қаражат есебінен шығындардың негізделген сметасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:
шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған өтінім түйіндемесінің нысанында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Шығындардың бір бөлігін өтеуге болжанатын жалпы сома:
________________________________________________________ теңге.
(сома цифрлармен және жазбаша)
Лауазымды адам ______________________________
Қолы ________________________________________
Күні _________________________________________
Ескертпе: шығындарды теңгемен қайта есептеу және жиынтық соманы есептеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің индустриялық-инновациялық қызмет субъектісімен есеп айырысу бойынша операция жасау күні қолданыста болған валюта бағамдары қабылданады.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігі өтелетін экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 29 қарашадағы
№ 1262 қаулысына
қосымша
Индустриялық-инновациялық қызмет
субъектілерінің отандық өңделген
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді ішкі нарықта жылжыту
бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу
қағидаларына
1-қосымша
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігі өтелетін экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі
ЭҚ­ЖЖ ко­ды
Ата­уы
283
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы және ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғы тех­ни­ка­сын жа­сау
29
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын, трей­лер­лер мен жар­ты­лай тір­ке­ме­лер­ді жа­сау
231
Шы­ны және шы­ны­дан жа­сал­ған бұй­ым­дар шы­ға­ру
2331
Ке­ра­ми­ка­лық жа­бын­ды­лар мен тақ­та­лар шы­ға­ру
2332
Кір­піш­ті, жа­бын­қы­шты және күй­ді­рі­л­ген бал­шық­тан жа­сал­ған өзге құ­ры­лыс бұй­ым­да­рын шы­ға­ру
1623
Өзге ағаш құ­ры­лыс кон­струк­тор­ла­ры мен ағаш өң­деу бұй­ым­да­рын шы­ға­ру
232
От­қа тө­зім­ді бұй­ым­дар шы­ға­ру
2223
Құ­ры­лы­сқа ар­нал­ған пла­стик бұй­ым­дар­ды шы­ға­ру
17
Қа­ғаз және қа­ғаз өнім­де­рін шы­ға­ру
31
Жи­һаз шы­ға­ру
10
Азық-тү­лік өнім­де­рін шы­ға­ру
55
Тұ­ру­ды ұй­ым­да­сты­ру жө­нін­де­гі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер
56
Азық-тү­лік өнім­де­рі мен су­сын­дар­ды ұсы­ну жө­нін­де­гі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер
5629
Та­мақ­тан­ды­ру­ды ұй­ым­да­сты­ру­дың өзге түр­ле­рі
2051
Жа­ры­л­ғыш заттар шы­ға­ру
192
Мұ­най­ды қай­та өң­деу өнім­де­рін шы­ға­ру
235
Це­мент, әк және сы­лақ өн­ді­ру
236
Құ­ры­лы­сқа ар­нал­ған бе­тон­нан, це­мент­тен және гип­стен жа­сал­ған бұй­ым­дар шы­ға­ру
289
Ар­найы мақ­сат­та­ғы тех­ни­ка­ның өзге түр­ле­рін жа­сау
26
Ком­пью­тер­лер, элек­трон­дық және оп­ти­ка­лық өнім­дер жа­сау
27
Электр жаб­дық­та­рын жа­сау
281
Жал­пы мақ­сат­та­ғы ма­ши­на­лар жа­сау
282
Жал­пы мақ­сат­та­ғы өзге тех­ни­ка­ны жа­сау
29
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын, трей­лер­лер мен жар­ты­лай тір­ке­ме­лер­ді жа­сау
30
Өзге кө­лік құ­рал­да­рын жа­сау
13
То­қы­ма бұй­ым­да­рын шы­ға­ру
14
Ки­ім-ке­шек шы­ға­ру
15
Бы­л­ға­ры және оған жа­та­тын өнім­дер шы­ға­ру
20
Хи­мия өнер­к­ә­сі­бі өнім­де­рін шы­ға­ру
21
Негіз­гі фар­ма­цев­ти­ка­лық өнім­дер шы­ға­ру
22
Ре­зең­ке және пласт­мас­са бұй­ым­да­рын шы­ға­ру
242
Бо­лат­тан жа­сал­ған құ­быр­лар, құ­бы­рөт­кіз­гіш­тер, про­филь­дер, фи­тинг­тер жа­сау
243
Ба­стап­қы өң­деу ар­қы­лы өзге бо­лат бұй­ым­да­рын жа­сау
2432
Тас­па­лар мен ен­сіз жо­лақ­тар­ды суық­тай жұ­қар­ту
2433
Суық­тай құю неме­се бүк­теу
2434
Суық­тай со­зу ар­қы­лы сым жа­сау
244
Негіз­гі асыл және тү­сті ме­тал­дар өн­ді­ру
245
Ме­тал­дар құю
25
Ма­ши­на­лар мен жаб­дық­тар­дан бас­қа дай­ын ме­талл бұй­ым­да­рын жа­сау
33
Ма­ши­на­лар мен жаб­дық­тар жөн­деу және ор­на­ту
41
Ғи­ма­рат­тар са­лу
43
Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған құ­ры­лыс жұ­мыста­ры
4313
Бар­лау мақ­са­тын­да­ғы бұр­ғы­лау
091
Мұ­най мен та­би­ғи га­з­ды иге­ру са­ла­сын­да­ғы тех­ни­ка­лық көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер

Қолданыстағы