О внесении изменений в решение Енбекшильдерского районного маслихата от 9 января 2013 года № С-12/5 "Об утверждении границ оценочных зон и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки на земли сельских населенных пунктов и сельскохозяйственного назначения для целей налогообложения в Енбекшильдерском районе"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Енбекшильдерского районного маслихата от 9 января 2013 года № С-12/5 "Об утверждении границ оценочных зон и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки на земли сельских населенных пунктов и сельскохозяйственного назначения для целей налогообложения в Енбекшильдерском районе"
- Атауы (қаз.)
- Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2013 жылғы 9 қаңтардағы № С-12/5 "Еңбекшілдер ауданында салық салу мақсаты үшін ауылдық елді мекендердің және ауыл шаруашылығына арналған жерлерге бағалау аймақтары шекараларының және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерiн бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- С-23/2
- Қабылданған күні
- 07.11.2013
- Көрсетілген редакция
- 29.03.2018 75828_313780.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13BJ003911
- ЭКБ идентификаторы
- 75828
- Редакция идентификаторы
- 75828_313780
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:57
0
Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2013 жылғы 9 қаңтардағы № С-12/5 "Еңбекшілдер ауданында салық салу мақсаты үшін ауылдық елді мекендердің және ауыл шаруашылығына арналған жерлерге бағалау аймақтары шекараларының және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерiн бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Еңбекшілдер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Еңбекшілдер аудандық мәслихатының «Еңбекшілдер ауданында салық салу мақсаты үшін ауылдық елді мекендердің және ауыл шаруашылығына арналған жерлерге бағалау аймақтары шекараларының және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерiн бекіту туралы» 2013 жылғы 9 қаңтардағы № С-12/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3645 тіркелген, 2013 жылғы 15 ақпанда «Жаңа дәуір», «Сельская новь» аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің атауы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Еңбекшілдер ауданының ауылдық елді мекендердегі жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы»;
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Еңбекшілдер ауданының ауылдық елді мекендердегі жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;
1 қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын;
2 қосымша алынып тасталсын.
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Еңбекшілдер ауданының әкімі А.Садуақасұлы
3 Еңбекшілдер ауданының ауылдық елді мекендердегі жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Еңбекшілдер аудандық мәслихатының
2013 жылғы 7 қарашадағы № С-23/2
шешіміне қосымша
Еңбекшілдер ауданының ауылдық елді мекендердегі жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Аймақ №
Жер салығының базалық мөлшеріне ұсынылатын түзету коэффициенттері
Елді мекендердің атаулары
I
1,3
01-173-001 Заозерный селосы
1,5
01-172-006 Үлгі ауылы
1,3
01-172-004 Андықожа батыр ауылы
1,3
01-172-011 Макинка селосы
1,3
01-172-001 Бірсуат селосы
1,34
Аймақ бойынша орташа маңызы
II
1,2
01-172-006 Жөкей селосы
1,1
01-172-006 Қызылұйым селосы
1,1
01-172-006 Карловка селосы
1,1
01-172-006 Трамбовка селосы
1,0
01-172-006 Ұйымшыл селосы
1,2
01-172-011 Пригорхоз селосы
1,2
01-172-007 Кеңащы селосы
1,2
01-172-010 Невское селосы
1,0
01-172-003 Аңғал батыр ауылы
1,0
01-172-012 Қоғам селосы
1,0
01-172-012 Мақпал селосы
1,1
01-172-012 Бұланды селосы
1,0
01-172-012 Қарағай селосы
1,0
01-172-012 Қаратал селосы
1,1
01-172-005 Заураловка селосы
1,0
01-172-005 Құдықағаш селосы
1,0
01-172-005 Яблоновка селосы
1,0
01-172-002 Баймырза селосы
1,2
01-172-001 Сәуле селосы
1,0
01-172-009 Мамай селосы
1,2
01-172-034 Еңбекшілдер селосы
1,1
01-172-034 Ақтас селосы
1,1
01-172-034 Ақбұлақ селосы
1,0
01-172-008 Краснофлот селосы
1,08
Аймақ бойынша орташа маңызы
III
0,9
01-172-003 Жаңалық селосы
0,8
01-172-002 Шошқалы селосы
0,8
01-172-032 Уәлихан селосы
0,9
01-172-032 Алға селосы
0,8
01-172-032 Көдебас селосы
0,8
01-172-034 Атансор селосы
0,83
Аймақ бойынша орташа маңызы
IV
0,6
01-172-030 Сапақ селосы
0,6
01-172-030 Ақсу селосы
0,6
Аймақ бойынша орташа маңызы