О внесении изменений в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 9 октября 2013 года № 14/171-V «Об утверждении Правил забора воды из поверхностных и подземных водных объектов при нецентрализованном питьевом и хозяйственно-бытовом водоснабжении населения Восточно-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 9 октября 2013 года № 14/171-V «Об утверждении Правил забора воды из поверхностных и подземных водных объектов при нецентрализованном питьевом и хозяйственно-бытовом водоснабжении населения Восточно-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- «Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 9 қазандағы № 14/171-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 12/142-VI
- Қабылданған күні
- 12.07.2017
- Көрсетілген редакция
- 12.07.2017 114327_218463.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.07.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17V0005178
- ЭКБ идентификаторы
- 114327
- Редакция идентификаторы
- 114327_218463
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:30
0 «Шығыс Қазақстан облысының
халқын орталықтандырылмаған
ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық
сумен жабдықтау кезінде жер үсті және
жер асты су объектілерінен су алу ережесін
бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының 2013 жылғы 9 қазандағы
№ 14/171-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 92- бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 9 қазандағы № 14/171-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3105, 2013 жылғы 7 желтоқсандағы № 146 «Дидар», 2013 жылғы 9 желтоқсандағы № 145 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесі бекітілсін.»;
Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің төрағасы
______________ И. Әбішев
2017 жылғы
«25»
07
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің
Шығыс Қазақстан облысы
қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің басшысы
______________ Ғ. Сүлейменов
2017 жылғы
«21» 07
4 Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесі
Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
2017 жылғы 12 шілдедегі
№ 12/142-VІ шешімімен
бекітілді
Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты
су объектілерінен су алу
ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алудың осы ережесі (әрі қарай - Ереже) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 92-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және Шығыс Қазақстан облысының аумағында халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алудың тәртібін анықтайды.
2 2. Ереже халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау бойынша қызметтерді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға таралады.
3 3. Осы Ережеде келесі терминдер мен анықтаулар пайдаланылады:
1 1) ауыз сумен жабдықтау - суды тұтынушыларды ауыз сумен қамтамасыз ету жөнiндегi қызмет;
2 2) орталықтандырылмаған сумен жабдықтау – суды шығындау орындарына бермей, жинауға арналған, жалпы пайдалану үшiн ашық немесе жеке пайдаланылатын құрылыстар;
3 3) сумен жабдықтау - суды жинауды, сақтауды, дайындауды, берудi және сумен жабдықтау жүйесi арқылы су тұтынушыларға таратуды қамтамасыз ететiн iс-шаралар жиынтығы.
2 2. Халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алуға қойылатын талаптар
4 4. Өз мұқтаждықтары үшін орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтауды жүзеге асыратын жеке тұлғалар тіркеуді ерікті негізде жүзеге асырады.
5 5. Су объектілерінен тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде су алу кезінде халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау арнайы су пайдалануға рұқсат алуды талап етпейді.
6 6. Халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен тәулігіне елу текше метрден артық көлемде су алу кезінде Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 66-бабына сәйкес арнайы су пайдалануға рұқсатты алу талап етіледі.
7
7. Орталықтандырылмаған су көздерінің ауыз су сапасы өзінің құрамы мен қасиеті бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 209 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10774 болып тіркелген) бекітілген «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларында белгіленген көрсеткіштерге сәйкес болуы тиіс.
3 3. Халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жер үсті және жер асты су объектілеріне жеке және заңды тұлғаларға берілетін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның қорытындысын тіркеуді ұйымдастыру
8
8. Халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жеке және заңды тұлғалар уәкілетті орган белгілеген тәртіппен облыстың жергілікті атқарушы органы су пайдалануды міндетті түрде тіркеп, тұтастай алғанда осы су объектілеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның оң қорытындысы болғанда тікелей жер үсті және жер асты су объектілерінен су алуға құқылы.