Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 9 октября 2013 года № 14/171-V «Об утверждении Правил забора воды из поверхностных и подземных водных объектов при нецентрализованном питьевом водоснабжении населения Восточно-Казахстанской области»

Ереже · № 21/199-VII · қабылданған 14.12.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2013-no-14171-v-ekb-176083/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 9 октября 2013 года № 14/171-V «Об утверждении Правил забора воды из поверхностных и подземных водных объектов при нецентрализованном питьевом водоснабжении населения Восточно-Казахстанской области» Қолданыста Ереже ·№ 21/199-VII ·14.12.2022
14.12.2022 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 9 октября 2013 года № 14/171-V «Об утверждении Правил забора воды из поверхностных и подземных водных объектов при нецентрализованном питьевом водоснабжении населения Восточно-Казахстанской области»

Қолданыста Ереже ·№ 21/199-VII · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 9 октября 2013 года № 14/171-V «Об утверждении Правил забора воды из поверхностных и подземных водных объектов при нецентрализованном питьевом водоснабжении населения Восточно-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 9 қазандағы № 14/171-V «Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
21/199-VII
Қабылданған күні
14.12.2022
Көрсетілген редакция
14.12.2022 176083_609250.kaz
Соңғы өзгеріс
14.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22V0031214
ЭКБ идентификаторы
176083
Редакция идентификаторы
176083_609250
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:02

0 Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының

2013 жылғы 9 қазандағы № 14/171-V «Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы» 2013 жылғы 9 қазандағы № 14/171-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3105 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық
бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
департаменті» республикалық
мемлекеттік мекемесі
«_____» _____________ 2022 жыл
«Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі
Ертіс бассейндік инспекциясы»
республикалық мемлекеттік мекемесі
«_____» _____________ 2022 жыл

3 Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесі

Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
2022 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 21/199-VII шешіміне
қосымша
Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
2013 жылғы 9 қазандағы
№ 14/171-V шешімімен
бекітілді
Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесі

1

1

1. Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алудың осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 92 - бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Шығыс Қазақстан облысының аумағында халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу тәртібін айқындайды.

2 2. Ереже халықты орталықтандырылмаған сумен жабдықтау бойынша қызметтерді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға таралады.

3 3. Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1 1) ауызсу – сапасы бойынша белгіленген ұлттық стандарттарға және гигиеналық нормативтерге сай келетін, халықтың ауызсу және шаруашылық-ауызсу мұқтаждарына арналған табиғи күйіндегі немесе өңделгеннен кейінгі су;

2 2) орталықтандырылмаған сумен жабдықтау – суды шығындау орындарына бермей, жинауға арналған, жалпы пайдалану үшін ашық немесе жеке пайдаланылатын құрылыстар;

3 3) сумен жабдықтау – суды жинауды, сақтауды, дайындауды, беруді және сумен жабдықтау жүйесі арқылы су тұтынушыларға таратуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы.

2

4

4. Өз мұқтаждықтары үшін орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтауды жүзеге асыратын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 19-02/183 бұйрығымен бекітілген Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының су пайдалануды міндетті тіркеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7678 болып тіркелген) сәйкес тіркеуді ерікті негізде жүзеге асырады.

5 5. Су объектілерінен тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде су алу кезінде халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау арнайы су пайдалануға рұқсат алуды талап етпейді.

6

6. Орталықтандырылмаған су көздерінің ауыз су сапасы өзінің құрамы мен қасиеті бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 209 бұйрығымен бекітілген «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени- тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында белгіленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10774 болып тіркелген) көрсеткіштерге сәйкес болуы тиіс.

7

7. Халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жеке және заңды тұлғалар уәкілетті орган белгілеген тәртіппен облыстың жергілікті атқарушы органы су пайдалануды міндетті түрде тіркеп, тұтастай алғанда осы су объектілеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның оң қорытындысы болғанда тікелей жерүсті және жерасты су объектілерінен су алуға құқылы.

Қолданыстағы