Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Коргалжынского районного маслихата от 9 октября 2013 года № 3/19 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Коргалжынском районе»

Ереже · № 2/39 · қабылданған 17.09.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2013-no-319/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Коргалжынского районного маслихата от 9 октября 2013 года № 3/19 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Коргалжынском районе» Күшін жойған Ереже ·№ 2/39 ·17.09.2015
13.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Коргалжынского районного маслихата от 9 октября 2013 года № 3/19 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Коргалжынском районе»

Күшін жойған Ереже ·№ 2/39 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Коргалжынского районного маслихата от 9 октября 2013 года № 3/19 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Коргалжынском районе»
Атауы (қаз.)
«Қорғалжын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Қорғалжын аудандық мәслихатының 2013 жылғы 9 қазандағы № 3/19 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2/39
Қабылданған күні
17.09.2015
Көрсетілген редакция
13.05.2016 94154_188516.kaz
Соңғы өзгеріс
13.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15BO004995
ЭКБ идентификаторы
94154
Редакция идентификаторы
94154_188516
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:21

0 «Қорғалжын ауданында әлеуметтік

көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларын бекіту
туралы» Қорғалжын аудандық
мәслихатының 2013 жылғы
9 қазандағы № 3/19 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабынының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Қорғалжын аудандық мәслихатының «Қорғалжын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 9 қазандағы № 3/19 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 3856 тіркелген, 2013 жылғы 1 қарашадағы аудандық «Нұр-Қорғалжын» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қорғалжын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
8 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

8 «8. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына беріледі:

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген
тұлғаларға;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа тұлғалардың санаттарына;
ең төмен зейнетақыны алатын және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алатын зейнеткерлерге;
барлық санаттағы мүгедектерге;
табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбастарына);
әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын тұлғаларға (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен және адамның иммундық тапшылық вируспен);
ауылдық елді мекендерде тұратын, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге;
аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз тобы қатарына жататын, жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын студенттеріне;
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

1 1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған негіздер;

2 2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

3 3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленбейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы;

4 4) күнкөрісі төмен және көп балалы отбасыларына».

9 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

9 «9. Әлеуметтік көмек көрсетіледі:

1 1) 9 мамыр - Жеңіс Күніне:

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына;

2 2) қарт адамдар Күніне;

ең төмен зейнетақыны алатын және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алатын зейнеткерлерге;

3 3) мүгедектер Күніне:

Барлық санаттағы мүгедектерге;

4 4) отбасына (азаматтарға) қиын тіршілік жағдайы туындағаннан кейін үш

айдан кешіктірмей берген өтініштері бойынша, отбасының (азаматтың) кірісіне байланыссыз бір жолғы көмек:
азаматқа (отбасына) табиғи зілзала немесе өрттен салдары келген жағдайда «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар бойынша министірлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті Қорғалжын ауданының төтенше жағдайлар бойынша бөлімі» мемлекеттік мекемесінің анықтамасы негізінде отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын тұлғаларға (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен және адамның иммундық тапшылық вируспен) денсаулық сақтау органдарында тіркеуде тұратыны туралы медициналық мекеменің анықтамасының негізінде, жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

5

5) ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге оқуын төлеуге арналған біржолғы көмек білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, оқу орнынан берілген аңықтаманың және көп балалы отбасы санатын растайтын анықтаманың немесе өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтама негізінде жылына бір рет облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен жылдық құнының жүз пайыздық мөлшерінде;

6

6) жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын студенттерге Қорғалжын ауданында жұмыспен өтеу есепке алынады. Төлем білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, аудан әкімі, студент және Қорғалжын аудандық мемлекеттік медициналық мекеме арасындағы жасалған келісім шарт, оқу орнынан берілген анықтаманың және өтініш берушінің (отбасының) аз қамтылған азаматтар немесе халықтың әлеуметтік-әлсіз тобы қатарына жататынын растайтын анықтама негізінде аудандық бюджеттен жылына бір рет оқудың жылдық құнының жүз пайыздық мөлшерінде төленеді.
Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді».

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қорғалжын ауданының әкімі
________________ Қ. Рыскелдінов

Қолданыстағы