Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 9 августа 2013 года № 611 «Об утверждении Правил организации и функционирования государственной системы мониторинга информации и оповещения населения о возникновении угрозы акта терроризма»

Жарлық · № 364 · қабылданған 02.10.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2013-no-611/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 9 августа 2013 года № 611 «Об утверждении Правил организации и функционирования государственной системы мониторинга информации и оповещения населения о возникновении угрозы акта терроризма» Қолданыста Жарлық ·№ 364 ·02.10.2023
02.10.2023 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 9 августа 2013 года № 611 «Об утверждении Правил организации и функционирования государственной системы мониторинга информации и оповещения населения о возникновении угрозы акта терроризма»

Қолданыста Жарлық ·№ 364 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 9 августа 2013 года № 611 «Об утверждении Правил организации и функционирования государственной системы мониторинга информации и оповещения населения о возникновении угрозы акта терроризма»
Атауы (қаз.)
«Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
364
Қабылданған күні
02.10.2023
Көрсетілген редакция
02.10.2023 186718_656413.kaz
Соңғы өзгеріс
02.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U2300000364
ЭКБ идентификаторы
186718
Редакция идентификаторы
186718_656413
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 16:32

0 Қазақстан Республикасының

Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс
«Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 Жарлығына
өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. «Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

преамбула мынадай редакцияда жазылсын:
««Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес халықты терроризм актісі қатерінің туындауы туралы уақтылы хабардар ету және оның жасалуына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті ұйымдастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларында:
4-тармақта:
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі;»;
он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Террористік қауіптіліктің деңгейін белгілеу, өзгерту немесе алып тастау және ол белгіленетін мерзім, сондай-ақ шегінде ол белгіленетін аумақтың шекаралары, террористік тұрғыдан осал объектілер, террористік қауіптілік қатері төнген көлік объектілері, оны жою бойынша құзыретті мемлекеттік органдар қабылдайтын шаралар, дағдарысты жағдайлардағы азаматтық тұрғындардың іс-қимылдары туралы халықты хабардар етуді Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігімен, Қазақстан Республикасының Көлік министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен, жергілікті атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметімен бірлесіп, бұқаралық ақпарат құралдары және телекоммуникация желілері, атап айтқанда:
«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде телерадио хабарларын тарату желілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 763 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11982 болып тіркелген) сәйкес телерадио хабарларын тарату желілері;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары;
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 3-тармағына сәйкес ұялы байланыс;
мерзімді баспа басылымдары арқылы жүзеге асырады.
Террористік қауіптілік деңгейі туралы ақпарат сондай-ақ сыртқы (көзге көрінетін) болуы және адамдар көп жиналатын объектілерде плакаттар, стендтер, жарық таблолары, билбордтар, транспаранттар түрінде орналастырылуы мүмкін.
Террористік қауіптілік деңгейі туралы сыртқы (көзге көрінетін) ақпаратты орналастыру жөніндегі іс-шараларды жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізеді.»;
15-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Террористік қауіптіліктің «қызғылт сары» және «қызыл» деңгейлерінде республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызды қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы басшысының шешімі бойынша «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабында көзделген шаралар қолданылуы мүмкін.».

2 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы