О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 июля 2013 года № 697 «Об утверждении перечня пунктов пропуска через Государственную границу Республики Казахстан и стационарных постов транспортного контроля на территории Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 июля 2013 года № 697 «Об утверждении перечня пунктов пропуска через Государственную границу Республики Казахстан и стационарных постов транспортного контроля на территории Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау бекеттерінің тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 433
- Қабылданған күні
- 17.07.2017
- Көрсетілген редакция
- 17.07.2017 113491_204517.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.07.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1700000433
- ЭКБ идентификаторы
- 113491
- Редакция идентификаторы
- 113491_204517
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:28
0 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау бекеттерінің тiзбесiн бекiту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі
№ 697 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау бекеттерінің тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 597-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің тізбесінде:
1 1) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол өткізу пункттері» деген 3-бөлімде:
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Өзбекстан Республикасымен шекара арқылы теміржол жүк-жолаушы өткізу пункттері:
көпжақты қатынастар үшін ашық:
Оазис
Маңғыстау облысы
Сарыағаш
Оңтүстік Қазақстан облысы
Өзбекстан Республикасымен шекара арқылы теміржол жүк өткізу пункті:
көпжақты қатынастар үшін ашық:
Мақтаарал
Оңтүстік Қазақстан облысы
3) Қырғыз Республикасымен шекара арқылы теміржол жүк-жолаушы өткізу пункттері:
көпжақты қатынастар үшін ашық:
Шалдыбар
Жамбыл облысы
»;
2 2) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы
автомобиль өткізу пункттері және Қазақстан Республикасының
аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттері» деген 4-бөлімде:
3) тармақшада мынадай редакцияда жазылсын:
3) Өзбекстан Республикасымен шекара арқылы халықаралық өткізу пункттері:
көпжақты қатынастар үшін ашық:
Тәжен
Маңғыстау облысы
Жібек Жолы
Оңтүстік Қазақстан облысы
Б. Қонысбаев
Оңтүстік Қазақстан облысы
Қапланбек
Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазығұрт
Оңтүстік Қазақстан облысы
Атамекен
Оңтүстік Қазақстан облысы
екіжақты қатынастар үшін ашық:
Целинный
Оңтүстік Қазақстан облысы
Сырдария
Оңтүстік Қазақстан облысы
».
2
2. Инвестициялар және даму, Ішкі істер, Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы, Қаржы министрліктері және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.