О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 июля 2013 года № 697 «Об утверждении перечня пунктов пропуска через Государственную границу Республики Казахстан и стационарных постов транспортного контроля на территории Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 июля 2013 года № 697 «Об утверждении перечня пунктов пропуска через Государственную границу Республики Казахстан и стационарных постов транспортного контроля на территории Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау бекеттерінің тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 577
- Қабылданған күні
- 20.09.2018
- Көрсетілген редакция
- 20.09.2018 124646_354453.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.09.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1800000577
- ЭКБ идентификаторы
- 124646
- Редакция идентификаторы
- 124646_354453
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:11
0 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау бекеттерінің тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау бекеттерінің тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 597-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау бекеттерінің тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы
автомобиль өткізу пункттері және Қазақстан Республикасының
аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттері» деген 4-бөлімде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қытай Халық Республикасымен шекара арқылы халықаралық өткізу пункттері:
көпжақты қатынастар үшін ашық:
Нұр жолы
Алматы облысы
Достық
Алматы облысы
Көлжат
Алматы облысы
Бақты
Шығыс Қазақстан облысы
Майқапшағай
Шығыс Қазақстан облысы
».
2
2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму, Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы, Қаржы министрліктері, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.