Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 9 июня 2014 года № 276 «Об утверждении Правил обучения работников организаций и населения мерам пожарной безопасности и требования к содержанию учебных программ по обучению мерам пожарной безопасности»

Бұйрық · № 303 · қабылданған 01.08.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2014-no-276-ekb-213127/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 9 июня 2014 года № 276 «Об утверждении Правил обучения работников организаций и населения мерам пожарной безопасности и требования к содержанию учебных программ по обучению мерам пожарной безопасности» Қолданыста Бұйрық ·№ 303 ·01.08.2025
01.08.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 9 июня 2014 года № 276 «Об утверждении Правил обучения работников организаций и населения мерам пожарной безопасности и требования к содержанию учебных программ по обучению мерам пожарной безопасности»

Қолданыста Бұйрық ·№ 303 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 9 июня 2014 года № 276 «Об утверждении Правил обучения работников организаций и населения мерам пожарной безопасности и требования к содержанию учебных программ по обучению мерам пожарной безопасности»
Атауы (қаз.)
«Ұйымдардың жұмыскерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларын және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 276 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
303
Қабылданған күні
01.08.2025
Қолданысқа енгізілген күні
19.08.2025
Көрсетілген редакция
01.08.2025 213127_772194.kaz
Соңғы өзгеріс
01.08.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036591
ЭКБ идентификаторы
213127
Редакция идентификаторы
213127_772194
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:57

0

«Ұйымдардың жұмыскерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларын және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 276 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ұйымдардың жұмыскерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларын және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 276 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9510 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 1-тармағының 35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұйымдардың жұмыскерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларында және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ереже»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидалары және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленген және ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту тәртібін және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Ұйымдардың қызметкерлерін оқыту тәртібі және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар»;
28-тармақта:
қазақ тіліндегі алтыншы абзац алынып тасталсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
28-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарынан басқа, адамдар жаппай жиналатын объектілердің өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жауапты жұмыскерлер, оның ішінде жекелеген жұмыс учаскелерінің жұмыскерлері өтеді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы