О внесении дополнений в постановление акимата города Астаны от 9 сентября 2015 года № 10-1568 «Об утверждении Положения о Государственном учреждении «Управление коммунального имущества и государственных закупок города Астаны»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата города Астаны от 9 сентября 2015 года № 10-1568 «Об утверждении Положения о Государственном учреждении «Управление коммунального имущества и государственных закупок города Астаны»
- Атауы (қаз.)
- «Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 10-1568 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 206-654
- Қабылданған күні
- 07.04.2017
- Көрсетілген редакция
- 06.03.2018 111079_325755.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G17A206654A
- ЭКБ идентификаторы
- 111079
- Редакция идентификаторы
- 111079_325755
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:28
0 «Астана қаласының Коммуналдық
мүлік және мемлекеттік сатып алу
басқармасы» мемлекеттік мекемесі
туралы ережені бекіту туралы»
Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 10-1568
қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 10-1568 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 947 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 қазандағы № 111 (3316) «Астана ақшамы», 2015 жылғы 6 қазандағы № 111 (3334) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
14-тармақ мынадай мазмұндағы 19), 20) тармақшалармен толықтырылсын:
«19) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасау;
20) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының негізінде құрылған объектілерді коммуналдық меншікке қабылдау.».
2
2. «Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жазба және электрондық түрде жолдау және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.