О внесении дополнений в постановление акимата города Астаны от 9 сентября 2015 года № 10-1568 «Об утверждении Положения о Государственном учреждении «Управление коммунального имущества и государственных закупок города Астаны»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата города Астаны от 9 сентября 2015 года № 10-1568 «Об утверждении Положения о Государственном учреждении «Управление коммунального имущества и государственных закупок города Астаны»
- Атауы (қаз.)
- «Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 10-1568 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 10-1869
- Қабылданған күні
- 21.10.2015
- Көрсетілген редакция
- 28.02.2018 95420_297925.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15ABW00965
- ЭКБ идентификаторы
- 95420
- Редакция идентификаторы
- 95420_297925
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:57
0 «Астана қаласының Коммуналдық
мүлік және мемлекеттік сатып алу
басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ережені бекіту туралы» Астана қаласы
әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 10-1568 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабына, «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына, «Жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөнiндегi сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткiзу қағидаларын бекiту туралы» 2015 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің № 290 бұйрығына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 10-1568 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 1 қазанда № 947 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 қазандағы № 111 (3316) «Астана ақшамы», 2015 жылғы 6 қазандағы № 111 (3334) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 2-бөлімінде:
13-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөнiндегi аукциондарды өткізу»;
14-тармақ мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
«18) жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөнiндегi аукциондарды өткізу».
2
2. «Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Якупов Данияр Абайұлына осы қаулыны, әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.