О внесении дополнений в постановление акимата города Астаны от 9 сентября 2015 года № 10-1568 «Об утверждении Положения о Государственном учреждении «Управление коммунального имущества и государственных закупок города Астаны»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата города Астаны от 9 сентября 2015 года № 10-1568 «Об утверждении Положения о Государственном учреждении «Управление коммунального имущества и государственных закупок города Астаны»
- Атауы (қаз.)
- «Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 10-1568 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 206-1105
- Қабылданған күні
- 01.06.2017
- Көрсетілген редакция
- 06.03.2018 112677_325759.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G172061105A
- ЭКБ идентификаторы
- 112677
- Редакция идентификаторы
- 112677_325759
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:56
0 «Астана қаласының Коммуналдық
мүлік және мемлекеттік сатып алу
басқармасы» мемлекеттік мекемесі
туралы ережені бекіту туралы»
Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 10-1568
қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 10-1568 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 947 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 қазандағы № 111 (3316) «Астана ақшамы», 2015 жылғы 6 қазандағы № 111 (3334) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
13-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.»;
14-тармақ мынадай мазмұндағы 21), 22) тармақшалармен толықтырылсын:
«21) жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының тізілімін жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жүргізу;
22) басқару органдарынан тізілімді жүргізу үшін қажетті қосымша мәліметтерді немесе құжаттарды сұрату.».
2
2. «Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулының көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялау, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жазба және электрондық түрде жолдау және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.