О внесении изменений в совместный приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 9 декабря 2015 года № 1189 и Министра финансов Республики Казахстан от 8 декабря 2015 года № 630 «Об утверждении перечня налоговых заявлений, представляемых через Государственную корпорацию «Правительство для граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в совместный приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 9 декабря 2015 года № 1189 и Министра финансов Республики Казахстан от 8 декабря 2015 года № 630 «Об утверждении перечня налоговых заявлений, представляемых через Государственную корпорацию «Правительство для граждан»
- Атауы (қаз.)
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын салықтық өтініштердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1189 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 630 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 421
- Қабылданған күні
- 05.07.2017
- Көрсетілген редакция
- 19.02.2018 114067_302737.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700015463
- ЭКБ идентификаторы
- 114067
- Редакция идентификаторы
- 114067_302737
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:34
0
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын салықтық өтініштердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1189 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 630 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫЗ:
1
1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын салықтық өтініштердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1189 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 630 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12849 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 26 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын салықтық өтініштер тізбесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тіркеу есебі туралы салықтық өтініш.»;
7, 8, 9, 10, 11 тармақтары алынып тасталсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;