О внесении дополнения в постановление акимата города Астаны от 9 февраля 2015 года № 158-202 «Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения в 2015 году»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в постановление акимата города Астаны от 9 февраля 2015 года № 158-202 «Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения в 2015 году»
- Атауы (қаз.)
- «2015 жылғы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізімін белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 158-202 қаулысына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 158-826
- Қабылданған күні
- 27.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 01.02.2017 90742_248000.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.02.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15ABW00916
- ЭКБ идентификаторы
- 90742
- Редакция идентификаторы
- 90742_248000
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:56
0 «2015 жылғы халықтың нысаналы
топтарына жататын тұлғалардың
қосымша тізімін белгілеу туралы»
Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы
9 ақпандағы № 158-202 қаулысына
толықтыру енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7-баптарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «2015 жылғы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізімін белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 158-202 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) есірткі тәуелдігінен емделу және оңалту курсынан өткен адамдар».
2
2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны кейіннен ресми және мерзiмдiк баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден жүргізсін.