Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 9 апреля 2015 года № 187 «Об утверждении стандартов государственных услуг по вопросам направления на обучение за рубеж, в том числе в рамках международной стипендии «Болашак»

Бұйрық · № 288 · қабылданған 16.06.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2015-no-187-ekb-114008/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 9 апреля 2015 года № 187 «Об утверждении стандартов государственных услуг по вопросам направления на обучение за рубеж, в том числе в рамках международной стипендии «Болашак» Күшін жойған Бұйрық ·№ 288 ·16.06.2017
26.05.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 9 апреля 2015 года № 187 «Об утверждении стандартов государственных услуг по вопросам направления на обучение за рубеж, в том числе в рамках международной стипендии «Болашак»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 288 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 9 апреля 2015 года № 187 «Об утверждении стандартов государственных услуг по вопросам направления на обучение за рубеж, в том числе в рамках международной стипендии «Болашак»
Атауы (қаз.)
«Шетелге, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
288
Қабылданған күні
16.06.2017
Көрсетілген редакция
26.05.2020 114008_468744.kaz
Соңғы өзгеріс
26.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015428
ЭКБ идентификаторы
114008
Редакция идентификаторы
114008_468744
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:46

0 «Шетелге, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Шетелге, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тізілімінде № 11195 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 мамырда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкіл) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға:
жеке куәліктің және паспорттың түпнұсқасы;
осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, тағылымдамадан өтуге үміткерлер, мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, өз бетінше оқуға түскендер санаттары бойынша (мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер қатарынан философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін) конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін жұмыс орнын сақтау шартымен жұмыс берушінің маман даярлауға өтінімі;
мемлекеттік немесе орыс тіліндегі уәждемелік және ұсыным хаттар;
осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер толтырған сауалнама;
қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломының түпнұсқасы және көшірмесі, сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған болса, білімі туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәліктің не «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктерді есепке алып, білім туралы құжатты тану туралы басқа құжаттың түпнұсқасы;
«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 907 бұйрық) бекітілген № 082/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін);
бар болған жағдайда, «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 318 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11258 тіркелген) бұйрығымен (бұдан әрі – № 318 бұйрық) бекітілген белгіленген ең аз талаптарға сәйкес келетін нәтижемен шет тілі бойынша емтиханды тапсыру туралы белгіленген нысандағы нақты ресми сертификат түпнұсқасы мен көшірмелері (оның міндетті бар болуы жалпы конкурс санаты бойынша қатысушы үміткерлер үшін қажет);
бар болған жағдайда, № 318 бұйрықпен бекітілген белгіленген ең аз талаптарға сәйкес келетін нәтижемен мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыру туралы белгіленген нысандағы нақты ресми сертификаттың түпнұсқасы;
академиялық оқуға өз бетінше түскен немесе шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында оқитын магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға, резидентурада оқуға үміткерлерді, сондай-ақ жалпы конкурс санаты бойынша қатысушы үміткерлерді қоспағанда, еңбек қызметін растаушы құжаттардың, сондай-ақ еңбек қызметінің талап етілетін кезеңінде аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзіндінің түпнұсқалары;
Мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер қатарынан философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін өз бетінше түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін еңбек қызметін растайтын құжаттардың, сондай-ақ аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзіндінің түпнұсқалары;
тағылымдамаға үміткерлер санаты бойынша қатысатын адамдар тағылымдамаға қабылдаушы шетелдік ұйымдардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармалары бар тағылымдамадан өту мерзімдері, құны (есептеулерді ашып жазумен) көрсетілген шартсыз шақыруын (қаржылық шарттар мен талап етілетін деңгейге дейін шет тілін білу деңгейін арттыру шарттарын қоспағанда) растайтын құжаттарды;
тағылымдамаға үміткерлер санаты бойынша қатысатын адамдар № 318 бұйрықпен бекітілген және тағылымдамаға жіберуші және қабылдаушы ұйымдар бекіткен талаптарға сәйкес құрылған тағылымдамадан өту бағдарламасын;
өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын адамдар оқу бағдарламасы, мамандығы және оқу кезеңі көрсетілген академиялық оқуға шартсыз қабылданғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін (қаржылық шарттарды қоспағанда) және ол болған жағдайда, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжатты/мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтаманы;
мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлері, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу, резидентурада оқу, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер арасынан философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін өз бетімен түскендер санаттары бойынша қатысатын адамдар оқу бағдарламасы, мамандығы мен кезеңі көрсетілген академиялық оқуға (қаржылық шарттарды және шет тілінен білімін талап етілетін деңгейге дейін арттыру бойынша шарттарды қоспағанда) шартсыз қабылданғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін және ол болған жағдайда, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары бар шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжатты/мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтаманы ұсынады;
академиялық оқуға өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысушы немесе тізімге қосылған шетелдің жетекші жоғары оқу орындарында философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін оқып жатқан адамдар шетелдің жетекші жоғары оқу орындары осы дәрежені алу үшін белгілеген мерзімнен аспайтын шетелдің жетекші жоғары оқу орындарымен келісілген мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар жеке оқу жоспарын ұсынады;
2) порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ-мен куәландырылған электронды құжат түріндегі сауал;
осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, тағылымдамадан өтуге үміткерлер, мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, өз бетінше оқуға түскендер санаттары бойынша (мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер қатарынан философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін) конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін жұмыс орнын сақтау шартымен жұмыс берушінің маман даярлауға өтінімінің электронды көшірмесі;
мемлекеттік немесе орыс тіліндегі уәждемелік және ұсыным хаттардың электрондық көшірмесі;
осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер толтырған сауалнаманың электронды көшірмесі;
қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломының электронды көшірмесі, шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда, білімі туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәліктің не «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, білім туралы құжатты тану туралы басқа құжаттың электронды көшірмесі;
№ 907 бұйрықпен бекітілген № 082/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың электронды көшірмесі (шетелге шығатындар үшін);
бар болған жағдайда, № 318 бұйрығымен бекітілген белгіленген ең аз талаптарға сәйкес келетін нәтижемен шет тілі бойынша емтиханды тапсыру туралы белгіленген нысандағы нақты ресми сертификат түпнұсқасы мен электрондық көшірмелері (оның міндетті бар болуы жалпы конкурс санаты бойынша қатысушы үміткерлер үшін қажет);
бар болған жағдайда, № 318 бұйрықпен бекітілген белгіленген ең аз талаптарға сәйкес келетін нәтижемен мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыру туралы белгіленген нысандағы нақты ресми сертификаттың электронды көшірмесі;
академиялық оқуға өз бетінше түскен немесе шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында оқитын магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға, резидентурада оқуға үміткерлерді, сондай-ақ жалпы конкурс санаты бойынша қатысушы үміткерлерді қоспағанда, еңбек қызметін растаушы құжаттардың, сондай-ақ еңбек қызметінің талап етілетін кезеңінде аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзіндінің түпнұсқалары мен электрондық көшірмелері;
мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер қатарынан философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін өз бетінше түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін еңбек қызметін растайтын құжаттардың, сондай-ақ аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзіндінің электронды көшірмесі;
тағылымдамаға үміткерлер санаты бойынша қатысатын адамдар тағылымдамаға қабылдаушы шетелдік ұйымдардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармалары бар тағылымдамадан өту мерзімдері, құны (есептеулерді ашып жазумен) көрсетілген шартсыз шақыруын (қаржылық шарттар мен талап етілетін деңгейге дейін шет тілін білу деңгейін арттыру шарттарын қоспағанда) растайтын құжаттардын электронды көшірмесін;
тағылымдамаға үміткерлер санаты бойынша қатысатын адамдар № 318 бұйрықпен бекітілген және тағылымдамаға жіберуші және қабылдаушы ұйымдар бекіткен талаптарға сәйкес жасалған тағылымдамадан өту бағдарламасының электронды көшірмесін;
өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын адамдар оқу бағдарламасы, мамандығы және оқу кезеңі көрсетілген академиялық оқуға шартсыз қабылданғанын растайтын құжаттардың электронды көшірмелерін (қаржылық шарттарды қоспағанда) және ол болған жағдайда, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжаттардың/мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтаманың электронды көшірмесін ұсынады;
мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлері, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу, резидентурада оқу, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер арасынан философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін өз бетімен түскендер санаттары бойынша қатысатын адамдар оқу бағдарламасы, мамандығы мен кезеңі көрсетілген академиялық оқуға (қаржылық шарттарды және шет тілінен білімін талап етілетін деңгейге дейін арттыру бойынша шарттарды қоспағанда) шартсыз қабылданғанын растайтын құжаттардың электронды көшірмелерін және ол болған жағдайда, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары бар шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжаттардың/мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтаманың электронды көшірмесін ұсынады;
академиялық оқуға өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысушы немесе тізімге қосылған шетелдің жетекші жоғары оқу орындарында философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін оқып жатқан адамдар шетелдің жетекші жоғары оқу орындары осы дәрежені алу үшін белгілеген мерзімнен аспайтын шетелдің жетекші жоғары оқу орындарымен келісілген мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар жеке оқу жоспарының электронды көшірмесін ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін қайтарылады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті Мемлекеттік корпорация қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Құжаттар Мемлекеттік корпорация арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлігін (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) ұсынған жағдайда, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде қорытындыны сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін өтініш берген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Порталда электронды сауал қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
Портал арқылы өтініш жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі (егер мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз тасымалдағышта беру қажет болса, оны алу орнын көрсету керек).»;
стандартқа 1, 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Н.А. Байжанов) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
_____________ Д. Абаев
2017 жылғы 5 шілде
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_____________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 3 шілде

1 Қазақстан Республикасы Білім және

ғылым министрінің 2017 жылғы
16 шілдедегі № 288 бұйрығына
1-қосымша
«Болашақ» халықаралық
стипендиясын тағайындау
конкурсына қатысу үшін
құжаттар қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
№ ______________ «___» _________20___ жылы/года
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу ақпараты/Информация по участию в конкурсе на присуждение международной стипендии «Болашак»
Академиялық оқу/Академическое обучение
Тағылымдамадан өту/ Прохождение стажировки
Мемлекеттік қызметшілер
Государственный служащий
Ғылыми немесе педагог қызметкерлер
Научный или педагогический работник
Инженерлік-техникалық қызметкерлер
Инженерно-технический работник
Мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер
Работник культуры, творческий работник
Бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері
Работник редакции средств массовой информации
Указать категорию претендента/
Үміткердің санатын белгілеу
_____________________________________
_____________________________________
Бағыттаушы ұйымдағы жұмыс өтілі/Стаж работы в направляющей организации: ____________________________
Үміткер жұмыс істейтін құрылымдық бөлімше/ Структурное подразделение: _______________________________
Үміткердің лауазымы/Должность претендента: _________________________________________________________
Конкурсқа қатысу туралы деректер (үміткер толтырады)/
Данные для участия в конкурсе (заполняется претендентом)
Оқу елі/
Страна обучения
Оқу бағдарламасы/ Программа обучения
Оқу мамандығы/ Специальность обучения
Оқу тілі/ Язык обучения
код__________________________
_____________________________
_____________________________
_____________________________
Жұмысқа орналастыру/Трудоустройство
Бағыттаушы ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) /
Фамилия, имя, отчество руководителя направляющей организации (при наличии)______________
Жұмыс орнын сақтауды қамтамасыз етуге міндеттенемін/
Обязуюсь обеспечить сохранение места работы______________________________________________
(Басшысының қолы/Подпись руководителя)
М.О/М.П

2 Қазақстан Республикасы Білім және

ғылым министрінің 2017 жылғы
16 шілдедегі № 288 бұйрығына
2-қосымша
«Болашақ» халықаралық стипендиясын
тағайындау конкурсына қатысу үшін
құжаттар қабылдау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
Тегі/Фамилия Аты/Имя/ Әкесінің аты/Отчество (болған жағдайда/при наличии)
(жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес бас әріптермен толтырылады/
заполняется печатными буквами согласно документу, удостоверяющему личность)
Фотография
3,5 × 4,5
(міндетті түрде)
(обязательно)
Болжанып отырған оқу/тағылымдамадан өту елін көрсетіңіз/
Укажите предполагаемую страну обучения/прохождения стажировки
Болжанып отырған оқу/тағылымдамадан өту тілін көрсетіңіз/
Укажите предполагаемый язык обучения/прохождения стажировки
Оқу бағдарламасы/тағылымдама / Программа обучения/стажировка
Магистратура Докторантура Резидентура Тағылымдама/Стажировки
Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесіне сәйкес
мамандықтың толық атауы және коды/ Полное наименование специальности и код согласно Перечню приоритетных специальностей для присуждения международной стипендии «Болашак»
Код
Шетелдегі жоғары оқу орны/шетелдік ұйым/Высшее учебное заведение за рубежом/зарубежная организация*
* Шетелдік жоғары оқу орындарына/мекемелерге оқу/тағылымдамадан өту үшін өз беттерінше түскен тұлғалар толтырады
* Заполняется лицами, самостоятельно поступившими в зарубежные вузы/организации на академическое обучение/для прохождения стажировки
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу бойынша ақпарат/
Информация по участию в конкурсе на присуждение международной стипендии «Болашак»
Академиялық оқу/Академическое обучение
Тағылымдамадан өту/ Прохождение стажировки
Өз бетінше түскен
Самостоятельно поступивший
Жалпы конкурс
Общий конкурс
Мемлекеттік қызметші
Государственный служащий
Ғылыми немесе педагог қызметкер
Научный или педагогический работник
Инженерлік-техникалық қызметкер
Инженерно-технический работник
Мәдениет қызметкері, шығармашылық қызметкер
Работник культуры, творческий работник
Бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкері
Работник редакции средств массовой информации
Указать категорию претендента/
Үміткердің санатын белгілеу
_________________________________
_________________________________
_________________________________
Бұл кестені «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметкерлері толтырады/
Данная таблица заполняется сотрудниками АО «Центр международных программ»
Ескертпелер/Замечания:____________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
Тексерді/Проверил: _______________________________________________________________
(жауапты қызметкердің аты-жөні (болған жағдайда), лауазымы/Ф.И.О. (пр наличии), должность ответственного сотрудника)
Қолы/Подпись_______________________ Тексерген күні/Дата проверки___________________
1. Жеке ақпарат*/Личная информация*
1. Жеке куәліктің деректері/Данные удостоверения личности
Нөмірі/ Номер
Берген мекеме/Кем выдан
Берілген күні - қолданылу мерзімі/Дата выдачи - срок действия
2. Төлқұжат деректері / Паспортные данные
Нөмірі/ Номер
Берген мекеме/Кем выдан
Берілген күні - қолданылу мерзімі/Дата выдачи - срок действия
3. Сәйкестендіру нөмірі/ Идентификационный номер
4. Туған күні/айы/жылы/День/месяц/год рождения
5. Туған жері/место рождения: Ауыл /село Қала/город
6. Ұлты/Национальность ____________ 7. Отбасылық жағдайы /Семейное положение________________
* Байланыс деректеріңіз өзгерген жағдайда ол туралы 5 жұмыс күн ішінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның қызметкерлеріне ескерту қажет.
* В случае изменения контактных данных в течение 5 рабочих дней необходимо оповестить сотрудников АО «Центр международных программ».
8. Байланыс деректері/Контактные данные
Коды, үй телефоны /Код, домашний телефон
Ұялы телефонының нөмірі /Номер мобильного телефона
Коды, жұмыс телефоны /Код, рабочий телефон
Қосымша байланыс телефондары/
Дополнительные контактные телефоны
e-mail
(Электрондық почтаңызды үнемі тексеру қажет/ Необходимо регулярно проверять электронную почту)
Қосымша e-mail/Дополнительный e-mail
9. Тұрғылықты орны (толық мекенжайы, индексі)
Место проживания (полный адрес, индекс)
Ел/Страна ________________________________
Облысы/Область __________________________
Аудан/Район______________________________
Қала/ауыл
Город/село_______________________________
Көше/Улица______________________________
Үй/Дом_______ Блок/Блок______ Пәтер/Квартира_____
10. Тіркелген орны (толық мекенжайы, индексі)
Место регистрации (полный адрес, индекс)
Ел/Страна __________________________
Облысы/Область ____________________
Аудан/Район________________________
Қала/ауыл
Город/село__________________________
Көше/Улица_________________________
Үй/Дом_______ Блок/Блок______ Пәтер/Квартира_____
*Міндетті түрде толтырылады/*Заполняется в обязательном порядке
11. Жақын туған-туысқандары/ата-аналары/жұбайы/балалары туралы мәліметтер:
Сведения о ближайших родственниках/родители/супруг(а)/дети:
Туысқандық дәрежесі
Степень родства
Аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда)/ФИО (пр наличии) Туған жылы//Год рождения
Жұмыс/оқу орны, қызметтік телефоны
Место работы /учебы/,
телефон, код
Мекен-жайы, телефоны, қаланың/өңірдің
коды
Домашний адрес, код города/региона, телефон
Ата-анаңыздың қызмет ету саласын көрсетіңіз/Укажите сферу деятельности родителей:
Әкесі/
Отец
Әскери қызметші/Военнослужащий
Мемлекеттік қызметші/Государственный служащий
Бюджеттік ұйым қызметкері/Работник бюджетной организации
Жеке құрылым қызметкері/Работник частной структуры
Мемлекеттік кәсіпорын қызметкері/ Работник государственного предприятия
Зейнеткер/Пенсионер
Жұмыссыз/Безработный
Ата-анасы жоқ/Нет родителей
Басқа/другое ______________
Анасы/
Мать
Әскери қызметші/Военнослужащий
Мемлекеттік қызметші/Государственный служащий
Бюджеттік ұйым қызметкері/Работник бюджетной организации
Жеке құрылым қызметкері/Работник частной структуры
Мемлекеттік кәсіпорын қызметкері/ Работник государственного предприятия
Зейнеткер/Пенсионер
Жұмыссыз/Безработный
Ата-анасы жоқ/Нет родителей
Басқа/другое ______________
Жұбайы/
Супруг(а)
Балалары/
Дети
2.Білімі/Образование
12. Жоғары білім/Высшее образование
Жоғары оқу орнының атауы/Наименование вуза
Жоғары оқу орнының орналасқан жері/Местонахождение вуза
Область:
Оқу бағдарламасы/ Программа обучения
Маман/Специалист Бакалавриат
Диплом қосымшасы бойынша орташа балы/
Средний балл по приложению к диплому ,
Мамандығы/ Специальность _____________________________________________________________
Оқу шарттары/Условия обучения
Мемлекеттік білім беру гранты/
Государственный образовательный грант Бюджет Ақылы бөлім/платное отделение
Оқу мерзімдері/Сроки обучения
Түскен жылы/Год поступления
Бітірген жылы/ Год окончания
Оқу тілі/Язык обучения
Қазақ/ Орыс/ Басқа/
Казахский Русский Другое __________
3. Кәсіби қызметі/Профессиональная деятельность
13. Еңбек ету қызметі/Трудовая деятельность
Айы және жылы/Месяц и год
Жұмыс орнының атауы/ Наименование места работы
Лауазымы/
Должность
Жұмыс орнының орналасқан жері/
Адрес места работы
Келген/Приема
Кеткен/Ухода
4. Конкурсқа қатысу туралы ақпарат/Информация по участию в конкурсе
14.Бұған дейін Сіз шетел тілі бойынша арнайы емтихан немесе тест (TOEFL, IELTS, GMAT, GRE, DSH, DELF жəне т.б.) тапсырдыңыз ба?/
Сдавали ли Вы раньше специализированные экзамены или тесты (TOEFL, IELTS, GMAT, GRE, DSH, DELF и др.) по иностранному языку?
Иә/Да
Жоқ/Нет
Егер тапсырсаңыз, онда келесі кестені толтырыңыз/ Если сдавали, то заполните следующую таблицу:
Те­сттің ре­сми ата­уы/
Офи­ци­аль­ное на­име­но­ва­ние те­ста
Нәти­же­сі/
Ре­зуль­тат
Тап­сыр­ған кү­ні/
Да­та сда­чи
15. Конкурс бойынша тілдік тестілеуден өтуге ниет білдірілген орын/ Астана
Место желаемого прохождения языкового тестирования по конкурсу Алматы
16. Бұған дейін Сіз мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтайтын арнайы емтихан (ҚАЗТЕСТ) тапсырдыңыз ба?/
Сдавали ли Вы раньше специализированный экзамен по определению уровня знания государственного языка (КАЗТЕСТ)?
Иә/Да
Жоқ/Нет
Егер тапсырсаңыз, онда келесі кестені толтырыңыз/ Если сдавали, то заполните следующую таблицу:
Тесттің ресми атауы/
Официальное наименование теста
Нәтижесі/
Результат
Тапсырған күні/
Дата сдачи
Шетелдік жоғары оқу орындарына/мекемелерге оқу/тағылымдамадан өту үшін өз беттерінше түскен тұлғалар толтырады/Заполняется лицами, самостоятельно поступившими в зарубежные вузы/организации на академическое обучение/для прохождения стажировки
17. Тағылымдамадан өту, оқу мерзімдері/Сроки обучения / прохождения стажировки__________________________
18. Бұдан бұрын Сізге «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды ма?/
Присуждалась ли Вам ранее международная стипендия «Болашак»?
Жасалған шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелер бар ма?/ Имеются ли невыполненные обязательства по заключенным договорам?
Бар болған жағдайда, қандай?/Если есть, то какие обязательства? __________________________
Иә/Да
Жоқ/Нет
Иә/Да
Жоқ/Нет
19. Мен _____________________________________________, «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлер
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) толық)
осы сауалнамада көрсетілген барлық ақпараттың толық және нақты болып табылатынын растаймын.
Біле тұра жалған немесе толық емес деректерді беру конкурстан шығып қалуыма, сондай-ақ тағайындалған жағдайда «Болашақ» халықаралық стипендиясынан айыруға әкеп соғатыны маған мәлім.
Мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы №573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидасының және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарының талаптарымен таныстым.
Мен «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуым барысында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ алған менің сауалнамалық деректерімді, тестілеу мен әңгімелесу нәтижелерін Тәуелсіз сараптамалық комиссия мен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия мүшелеріне және шетелдік серіктестерге, мемлекеттік органдарға, ғылыми-зерттеу институттарына, сарапшыларға және өзге де мүдделі ұйымдарға, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ іріктеу конкурсы нәтижелерінің ресми сайтында орналастыру жолымен берілуіне қарсы емеспін.
Я______________________________________________________________, претендент(ка) международную (Фамилия, Имя, Отчество (при наличии) полностью)
стипендию «Болашак» подтверждаю, что вся информация, представленная мною в данной анкете является полной и достоверной.
Мне известно, что предоставление заведомо ложных или неполных данных ведет к исключению из конкурса, а также к лишению международной стипендии «Болашак» в случае ее присуждения.
Я ознакомлен(а) с требованиями Правил отбора претендентов для присуждения международной стипендии «Болашак» и Направлениями расходования международной стипендии «Болашак», утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 июня 2008 года № 573.
Я не возражаю о передаче моих анкетных данных, результатов тестирований и собеседований, полученных АО «Центр международных программ» в ходе моего участия в конкурсе на присуждение международной стипендии «Болашак», членам Независимой экспертной комиссии и Республиканской комиссии по подготовке кадров за рубежом, зарубежным партнерам, государственным органам, научно-исследовательским институтам, экспертам и иным заинтересованным организациям, а также путем размещения на официальном сайте результатов конкурсного отбора АО «Центр международных программ».
Төменде өзіңіздің қолыңызбен мынадай мәтінді жазыңыз:
Осы қосымшаны мен өз қолыммен толтырдым, әрбір парағы дәйектелді. Жоғарыда жазылған шарттармен және талаптармен таныстым және келісемін (жеке қолыммен нақтылаймын)
Пожалуйста, напишите ниже собственноручно прописью текст, выделенный курсивом:
Настоящее приложение заполнено мною собственноручно, каждая страница личного листа запарафирована.
С вышеперечисленными условиями и требованиями ознакомлен и согласен (подтверждаю личной подписью)
______________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісемін/Согласен на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в информационных системах.
Үміткердің қолы/ Күні (құжаттарды тапсырған кезде көрсетіледі)/
Подпись претендента ____________ Дата (указывается на момент подачи документов) «___»___ 20___ жылы/года.

Қолданыстағы