О внесении изменений в постановление акимата Осакаровского района от 9 июня 2015 года № 32/07 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Аппарат акима Дальнего сельского округа Осакаровского района Карагандинской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Осакаровского района от 9 июня 2015 года № 32/07 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Аппарат акима Дальнего сельского округа Осакаровского района Карагандинской области»
- Атауы (қаз.)
- Осакаров ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 маусымдағы «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Дальний ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 32/07 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 42/01
- Қабылданған күні
- 17.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 27.04.2016 93749_94226.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15KO003399
- ЭКБ идентификаторы
- 93749
- Редакция идентификаторы
- 93749_94226
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:41
0 Осакаров ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 9 маусымдағы
«Қарағанды облысы Осакаров ауданы
Дальний ауылдық округi әкiмiнiң аппараты»
мемлекеттік мекемесінің Ережесін
бекіту туралы» № 32/07 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 4-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына сәйкес және бірлескен Қарағанды облысының әкімдігінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 30/04 қаулысы және Қарағанды облыстық маслихатының 2015 жылғы 25 маусымдағы ХХХV сессиясының № 399 «Қарағанды облысындағы облыстық маңызы бар қалалардың бірқатар құрамдас бөліктеріне атау беру және кейбір ауылдық елді мекендерді қайта атау туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3322 болып тіркелген) негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 9 маусымдағы «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Дальний ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 32/07 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3303 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 шілдедегі «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 18 шілдедегі № 29 (7461) «Сельский труженик» аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қарағанды облысы Осакаров ауданы Жансары ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берілген «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Жансары ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Дальний ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесінде:
бүкіл мәтін бойынша «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Дальний ауылдық округі әкімінің аппараты» деген сөздер «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Жансары ауылдық округі әкімінің аппараты» деген сөздермен ауыстырылсын.