О внесении изменений в постановление акимата города Алматы от 9 сентября 2015 года № 3/539 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере социальной защиты, предоставляемых в городе Алматы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Алматы от 9 сентября 2015 года № 3/539 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере социальной защиты, предоставляемых в городе Алматы»
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 3/539 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3/485
- Қабылданған күні
- 09.08.2019
- Көрсетілген редакция
- 20.10.2020 134177_491125.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19R0001576
- ЭКБ идентификаторы
- 134177
- Редакция идентификаторы
- 134177_491125
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:51
0 Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 3/539 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» және 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 3/539 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1207 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 қазанда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
1 тармақтың екінші азат жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық) арқылы жүзеге асырылады.»;
аталған қаулымен бекітілген «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
1 тармақтың 4 тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«4) «Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық) арқылы жүзеге асырылады.»;
аталған қаулымен бекітілген «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
1 тармақтың бірінші азат жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде «Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.».