Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата города Алматы от 9 сентября 2015 года № 3/539 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере социальной защиты, предоставляемых в городе Алматы»

Қаулы · № 4/588 · қабылданған 23.10.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2015-no-3539/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата города Алматы от 9 сентября 2015 года № 3/539 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере социальной защиты, предоставляемых в городе Алматы» Күшін жойған Қаулы ·№ 4/588 ·23.10.2019
20.10.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата города Алматы от 9 сентября 2015 года № 3/539 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере социальной защиты, предоставляемых в городе Алматы»

Күшін жойған Қаулы ·№ 4/588 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата города Алматы от 9 сентября 2015 года № 3/539 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере социальной защиты, предоставляемых в городе Алматы»
Атауы (қаз.)
Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 3/539 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4/588
Қабылданған күні
23.10.2019
Көрсетілген редакция
20.10.2020 135592_491119.kaz
Соңғы өзгеріс
20.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19R0001593
ЭКБ идентификаторы
135592
Редакция идентификаторы
135592_491119
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:08

0 Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы

9 қыркүйектегі № 3/539 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» және  2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 3/539 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1207 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 қазанда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
4 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«4. Көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 9 тармағында көзделген өтінішті алуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіз болып табылады.»;
5 тармақтың 1 тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1) Орталықтың маманы 45 (қырық бес) минут ішінде Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініштерді тіркейді, «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерге (бұдан әрі - АЖ) сұрау салуларды қалыптастырады, қағаз жеткізгіште құжаттар топтамасын немесе өтініш берушінің электронды құжаттар топтамасын қалыптастырады және оны өзінің қолтаңбасымен немесе электронды цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырады және Орталық басшысына бұрыштама қою үшін береді.
АЖ-де мәліметтер болмаған жағдайда Орталық тиісті мемлекеттік органға жазбаша сұрау салуды ресімдейді, сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш иесін осы туралы жазбаша хабардар ете отырып, құжаттар топтамасын қалыптастыру мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейін ұзартылады;»;
6 тармақтың 1 тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1) өтінішті тіркеу, сұрау салуды, құжаттар топтамасын қалыптастыру және Орталық басшысына қарауға жіберу;»;
8 тармақтың 1 тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1) Орталықтың маманы 45 (қырық бес) минут ішінде Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініштерді тіркейді, «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті АЖ-ға сұрау салуларды қалыптастырады, қағаз жеткізгіште құжаттар топтамасын немесе өтініш берушінің электронды құжаттар топтамасын қалыптастырады және оны өзінің қолтаңбасымен немесе ЭЦҚ-мен куәландырады және Орталық басшысына бұрыштама қою үшін береді.
АЖ-де мәліметтер болмаған жағдайда Орталық тиісті мемлекеттік органға жазбаша сұрау салуды ресімдейді, сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш иесін осы туралы жазбаша хабардар ете отырып, құжаттар топтамасын қалыптастыру мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейін ұзартылады;».

2 2. Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында жариялауды, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Тұяқбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы