Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 9 февраля 2015 года № 42 "Об утверждении Правил деятельности психологической службы в организациях среднего образования Костанайской области"

Қаулы · № 272 · қабылданған 25.06.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2015-no-42/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 9 февраля 2015 года № 42 "Об утверждении Правил деятельности психологической службы в организациях среднего образования Костанайской области" Күшін жойған 04.11.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 9 февраля 2015 года № 42 "Об утверждении Правил деятельности психологической службы в организациях среднего образования Костанайской области"

Күшін жойған Қаулы № 272 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 9 февраля 2015 года № 42 "Об утверждении Правил деятельности психологической службы в организациях среднего образования Костанайской области"
Атауы (қаз.)
Әкімдіктің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 42 "Қостанай облысының орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтіқ жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
272
Қабылданған күні
25.06.2015
Көрсетілген редакция
04.11.2022 92315_599981.kaz
Соңғы өзгеріс
04.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15N0005779
ЭКБ идентификаторы
92315
Редакция идентификаторы
92315_599981
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:25
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Әкімдіктің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 42 «Қостанай облысының орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 42 «Қостанай облысының орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5417 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 наурызда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қостанай облысының орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Психологиялық қызметтің құрамына білім беру ұйымының басшысы, оның қызметін ұйымдастыратын және бақылайтын басшының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, сондай-ақ сынып жетекшілігін жүзеге асыратын педагогтар, педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтар кіреді. Психологиялық қызметтің құрамына келісім бойынша медициналық қызметкерлер, ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ата-аналар комитетінің өкілдері енгізілуі мүмкін.»;
6-тармақ мынадай тармақшалармен толықтырылсын:
«8) оқу тоқсанында тестілеуді кемінде 1 рет жүйелі түрде өткізу арқылы кәмелетке толмағандарда өзіне-өзі қол жұмсауға деген психологиялық бейімділіктерін, сондай-ақ бейәлеуметтік бейімділіктерін (құқық бұзушылыққа деген бейімділік, спирт ішімдіктерін, есірткі құралдарын пайдалану, құқық бұзушылық жасау) анықтау және олардың алдын алу;
9) өзіне-өзі қол жұмсау және олардың әрекет етуінің алдын алу мақсатында өзіне-өзі қол жұмсауға бейім кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ олардың ата-аналарына (немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға) психологиялық көмек көрсету.»;
6-тармақ 6-1-тармағы мынадай мазмұнда толықтырылсын:
«6-1 Психологиялық қызмет жұмысының негізгі нысаналы топтары:
1) аутодеструктивті мінез-құлыққа (өзіне-өзі қол жұмсауға) бейім немесе бұрын өзіне-өзі қол жұмсаған;
2) психобелсенді заттарды, спирт ішімдіктерін, есірткі заттарын пайдаланатын немесе пайдалануға бейім;
3) құқық бұзушылық жасауға бейім, сондай-ақ ішкі істер органдарында есепте тұрған;
4) әлеуметтік қолайсыз отбасылардан шыққан;
5) толық емес отбасыларда тәрбиеленіп жатқан;
6) өзіне-өзі қол жұмсаған немесе өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет еткен жақын туыстары немесе достары;
7) өзіне-өзі жұмсауға бағытталған интернет-ресурстардың қоғамдық топтарына кіретін және тіркелген;
8) тестілеу нәтижелері мен өмірлік жағдайларға сәйкес өзге де оқушылар болып табылады.»;
8-тармақ мынадай тармақшалармен толықтырылсын:
«5) өзіне-өзі қол жұмсау бағытындағы интернет-ресурстарды анықтау мақсатында прокуратура органдарын хабардар ете отырып, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу;
6) өзіне-өзі қол жұмсау бағытындағы интернет-ресурстардың қоғамдық топтарына білім алушылардың кіруі және тіркеу фактілерін анықтау, ата-аналарды (оларды ауыстыратын тұлғаларды) хабардар ету және осындай білім алушыларға психологиялық көмек көрсету.»;
15-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) білім алушылардың бейәлеуметтік іс-әрекеті мен өзіне-өзі қол жұмсаушылыққа бейімділігін ескерту және оларды уақытында түзетуді жүзеге асыру;»;
16-тармақ мынадай тармақшалармен толықтырылсын:
«10) жедел түрде кәмелетке толмағандарда өзіне-өзі қол жұмсау және оларды болғызбау бойынша бірлескен шаралар қабылдау үшін қобалжушылықтың жоғары деңгейі мен өзіне-өзі қол жұмсаушылық бейімділігін анықтау туралы ата-аналарын (немесе оларды ауыстыратын тұлғаларды) және сынып жетекшісін хабардар ету;
11) кәмелетке толмағандарда өзіне-өзі қол жұмсаушылыққа бейімдеуді анықтау әдістері мен нысандарын оларды түзету және толықтыру бойынша ұсыныстар енгізумен жетілдіру;»;
16-тармақ 16-1-тармағы мынадай мазмұнда толықтырылсын:
«16-1 Жүктелген міндеттерді орындамаған немесе дұрыс орындамағаны үшін басшы, басшының орынбасары, педагог-психолог заңмен белгіленген жауапкершілік алады.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.