О признании утратившим силу приказа Министра обороны Республики Казахстан от 9 сентября 2015 года № 518 дсп «Об утверждении натуральных норм военной техники и оборудования Сил воздушной обороны Вооруженных Сил Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившим силу приказа Министра обороны Республики Казахстан от 9 сентября 2015 года № 518 дсп «Об утверждении натуральных норм военной техники и оборудования Сил воздушной обороны Вооруженных Сил Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің әскери техникасы мен жабдығының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 518 қбпү бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 905
- Қабылданған күні
- 13.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 30.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 13.08.2026 I228910_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039597
- ЭКБ идентификаторы
- 228910
- Редакция идентификаторы
- I228910_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 20.08.2026 03:31
0 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы
күштерінің әскери техникасы мен жабдығының заттай нормаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 518 қбпү бұйрығының
күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің әскери техникасы мен жабдығының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 518 қбпү бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12291 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі