Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 9 сентября 2015 года № 52/04 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере туризма"

Қаулы · № 22/01 · қабылданған 12.04.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2015-no-5204-ekb-130708/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 9 сентября 2015 года № 52/04 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере туризма" Күшін жойған Қаулы ·№ 22/01 ·12.04.2019
24.07.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 9 сентября 2015 года № 52/04 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере туризма"

Күшін жойған Қаулы ·№ 22/01 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 9 сентября 2015 года № 52/04 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере туризма"
Атауы (қаз.)
"Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 52/04 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
22/01
Қабылданған күні
12.04.2019
Көрсетілген редакция
24.07.2020 130708_474345.kaz
Соңғы өзгеріс
24.07.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19K0005292
ЭКБ идентификаторы
130708
Редакция идентификаторы
130708_474345
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:23

0 «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі №52/04 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі заңдарына, «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 6 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18204 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 52/04 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3453 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 28 қазанында, «Индустриальная Караганда» 2015 жылдың 31 қазанында № 153-154 (21904-21905) және «Орталық Қазақстан» газеттерінде 2015 жылдың 31 қазанында № 177-178 (22 062) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру», мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
5-тармақтың 4)-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының лицензияны беру, қайта ресімдеу шарттарына, сондай-ақ қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін қарайды. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына қарауға енгізеді (заңды тұлға – лицензиаты басқа заңды тұлғаға бөліп шығу, бөліну нысанында қайта ұйымдасқан кезде лицензияны қайта рәсімдеу және беру кезінде – 4 (төрт) жұмыс күнінен кешіктірмей, лицензияны қайта рәсімдеу – 1 (бір) жұмыс күні ішінде), не осы мерзімдер ішінде Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелдi жауап дайындайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының қарауына жібереді;»;
«Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
«Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 5-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесі

Қарағанды облысы әкімдігінің
2019 жылғы «__» _______
№ ___ қаулысына
1–қосымша
«Туристік операторлық қызметті
(туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға
лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесі
Рәсімнің №
1
2
3
4
5
6
7
Ата­у­ла­ры
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­рі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің бас­шы­сы
Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің бас­шы­сы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­рі
Іс әре­кет­тің (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және оның си­патта­ма­сы
Пор­тал ар­қы­лы ке­ліп түс­кен құ­жат­тар­ды тір­кей­ді жəне көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы­на бе­ре­ді
Бұ­ры­шта­ма­ны қо­яды және құ­жат­тар­ды не элек­трон­дық сұ­ра­уды құ­ры­лым­дық бө­лім­ше бас­шы­сы­на қа­рас­ты­ру үшін жол­дай­ды
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­сын анық­тай­ды және оған құ­жат­тар­ды не элек­трон­дық сұ­ра­уды жол­дай­ды
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның құ­жат­та­рын ли­цен­зи­я­ны бе­ру, қай­та ре­сім­деу шар­ты­на, сон­дай-ақ ,қой­ы­л­ған бі­лік­ті­лік та­лап­қа сәй­кест­і­гін қа­рай­ды. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін, не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап дай­ын­дай­ды
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі­мен не мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тi көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­дi жа­у­ап­пен ке­лі­се­ді және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы­на қол қо­ю­ға жі­бе­ре­ді
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сіне не мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тi көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­дi жа­у­ап­қа қол қо­яды
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін, не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­а­бын тір­кей­ді
Ке­ле­сі рә­сім­ді (іс-қи­мыл­ды) орын­да­уды ба­стау үшін негіз бо­ла­тын мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту бой­ын­ша рә­сім (іс-қи­мыл) нәти­же­сі
Тір­кеу
Бұ­ры­шта­ма
Бұ­ры­шта­ма
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі­нің, не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­а­бы­ның жо­ба­сы
Ви­за қой­ы­л­ған мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі, не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­а­бы
Бе­рі­л­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі, не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­а­бы
Тір­кел­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі, не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­а­бы
Орын­да­лу мер­зім­де­рі
15 минут
2 сағат
1 сағат
Заң­ды тұл­ға – ли­цен­зи­а­ты бас­қа заң­ды тұл­ға­ға бө­ліп шы­ғу, бө­лі­ну ны­са­нын­да қай­та ұй­ым­дас­қан кез­де ли­цен­зи­я­ны қай­та рә­сім­деу және бе­ру ке­зін­де – (4 жұ­мыс кү­ні­нен ке­шік­тір­мей), ли­цен­зи­я­ны қай­та рә­сім­деу – (1 жұ­мыс кү­ні ішін­де), не осы мер­зім­дер ішін­де Стан­дарт­тың 10-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар мен негiз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тi көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы жа­з­ба­ша дәлел­дi жа­у­ап дай­ын­дай­ды
1 сағат
1 жұмыс күн
15 минут

1 Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы

Қарағанды облысы әкімдігінің
2019 жылғы «__» _______
№ ___ қаулысына
2–қосымша
«Туристік операторлық қызметті
(туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға
лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
5-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы

Қолданыстағы