Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Ескельдинского районного маслихата от 9 декабря 2015 года № 59-324 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Ескельдинского района"

Өзге акт · № 8-38 · қабылданған 28.10.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2015-no-59-324/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Ескельдинского районного маслихата от 9 декабря 2015 года № 59-324 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Ескельдинского района" Күшін жойған Өзге акт ·№ 8-38 ·28.10.2016
26.09.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Ескельдинского районного маслихата от 9 декабря 2015 года № 59-324 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Ескельдинского района"

Күшін жойған Өзге акт ·№ 8-38 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Ескельдинского районного маслихата от 9 декабря 2015 года № 59-324 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Ескельдинского района"
Атауы (қаз.)
Ескелді аудандық мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы "Ескелді ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" № 59 -324 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
8-38
Қабылданған күні
28.10.2016
Көрсетілген редакция
26.09.2018 107532_368199.kaz
Соңғы өзгеріс
26.09.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16DI004012
ЭКБ идентификаторы
107532
Редакция идентификаторы
107532_368199
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:24

0 Ескелді аудандық мәслихатының

2015 жылғы 9 желтоқсандағы
«Ескелді ауданындағы аз қамтылған
отбасыларға (азаматтарға)тұрғын үй
көмегін көрсетудің мөлшерін және
тәртібін айқындау туралы»
№ 59 -324 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабының 2-тармағына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Ескелді аудандық мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы «Ескелді ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» № 59-324 шешіміне (2016 жылдың 13 қаңтарында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3675 енгізілген, 2016 жылдың 16 ақпанында «Жетісу шұғыласы» газетінде № 8 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 бөлімінің 1 тармағының 5 тармақшасы келесі жаңа редакцияда баяндалсын:
«мемлекеттік корпорация – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.» .

2

2. «Ескелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Е. Тұрсынбаев) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ескелді аудандық мәслихаттың «Халықты әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет саласы және жастар ісі жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ескелді аудандық мәслихаттың 2015 жылдың 28 қазандағы «Ескелді ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» № 8-38 шешіміне келісім
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ескелді ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Е. Тұрсынбаев
28 қазан 2016 жыл
«Ескелді ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысының м.а.
С.Тулепбергенов
28 қазан 2016 жыл

Қолданыстағы