О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 9 сентября 2015 года №265 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области здравоохранения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 9 сентября 2015 года №265 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области здравоохранения»
- Атауы (қаз.)
- «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі №265 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 166
- Қабылданған күні
- 16.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 15.10.2019 104967_424786.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.10.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16U0003786
- ЭКБ идентификаторы
- 104967
- Редакция идентификаторы
- 104967_424786
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:45
0 «Денсаулық сақтау саласындағы
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
регламенттерін бекіту туралы»
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№265 қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 1 және 3 тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі №265 «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №3351 болып тіркелген, 2015 жылдың 17 қазанында «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті» деген 6-қосымшасында:
«1. Жалпы ережелер» деген тарауда:
1-тармақтың 1)-тармақшасындағы «халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық)» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «Орталықта» деген сөз «Мемлекеттік корпорацияда» деген сөздермен ауыстырылсын;
бүкіл мәтіні бойынша «халыққа қызмет көрсету орталығымен», «Орталыққа», «Орталық», «Орталықтың» деген сөздер тиісінше «Мемлекеттік корпорациясымен», «Мемлекеттік корпорацияға», «Мемлекеттік корпорация», «Мемлекеттік корпорацияның» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті» деген 7-қосымшасында:
«1. Жалпы ережелер» деген тарауда:
1-тармақтың 1)-тармақшасындағы «халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық)» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «Орталықта» деген сөз «Мемлекеттік корпорацияда» деген сөздермен ауыстырылсын;
бүкіл мәтіні бойынша «халыққа қызмет көрсету орталығымен», «Орталыққа», «Орталық», «Орталықтың» деген сөздер тиісінше «Мемлекеттік корпорациясымен», «Мемлекеттік корпорацияға», «Мемлекеттік корпорация», «Мемлекеттік корпорацияның» деген сөздермен ауыстырылсын.
2 2. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2 2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібековке жүктелсін.
Д.А.Сатыбалды
Е.Ә.Садыр
Ұ.Сәдібеков
С.Қ.Тұяқбаев
Қ.Н.Мендебаев