О внесении изменений в постановление акимата Тупкараганского района от 9 декабря 2016 года № 237 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Тупкараганского района от 9 декабря 2016 года № 237 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов»
- Атауы (қаз.)
- Түпқараған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 237 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 94
- Қабылданған күні
- 12.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 21.11.2022 154612_601070.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21MF004479
- ЭКБ идентификаторы
- 154612
- Редакция идентификаторы
- 154612_601070
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:42
0 Түпқараған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 237 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 болып тіркелген) сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 237 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3223 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Түпқараған ауданының ұйымдарында ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Д.Шалабаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалысын бақылау Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары Т. Алтынгалиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Түпқараған ауданының ұйымдарында ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квоталар
Түпқараған ауданының әкімдігінің
2021 жылғы 12 сәуірдегі
№ 94
қаулысына қосымша
Түпқараған ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «9» желтоқсандағы
№ 237 қаулысына қосымша
Түпқараған ауданының ұйымдарында ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квоталар
№
Ұйымдар атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны,
адам
Квота мөлшері (%)
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны (адам)
1
«Ақ жол құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
161
3
5
2
Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Ақшұқыр мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
172
3
5
3
Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Ғұбайдолла Айдаров атындағы №1 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
208
3
6
4
Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
116
3
3