О внесении дополнений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 9 декабря 2016 года № 277 «Об утверждении мест международного почтового обмена по заявлениям Национального оператора почты или операторов почты»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 9 декабря 2016 года № 277 «Об утверждении мест международного почтового обмена по заявлениям Национального оператора почты или операторов почты»
- Атауы (қаз.)
- «Ұлттық пошта операторының немесе пошта операторларының өтініштері бойынша халықаралық пошта алмасу орындарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 277 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 371
- Қабылданған күні
- 17.10.2017
- Көрсетілген редакция
- 17.10.2017 116161_258937.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.10.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700015985
- ЭКБ идентификаторы
- 116161
- Редакция идентификаторы
- 116161_258937
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:36
0 «Ұлттық пошта операторының немесе пошта операторларының өтініштері бойынша халықаралық пошта алмасу орындарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 277 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
«Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Ұлттық пошта операторының немесе пошта операторларының өтініштері бойынша халықаралық пошта алмасу орындарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 277 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14549 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық пошта операторының өтініштері бойынша халыкаралық пошта алмасу орындарында:
мынадай мазмұндағы, реттік нөмірлері 7 және 8-жолдармен толықтырылсын:
«
7.
Қарағанды – Әуежай ХПАО
«Аэропорт «Сары-Арқа Әуежайы» акционерлік қоғамы, 100422, Қарағанды облысы, Бұхар-Жырау ауданы, Үштөбе ауылы, есептік квартал 067, 025 жер телімі
KZKGFA KARAGANDA
PCI-1 – ІОПЖ жазбаша хат-хабар үшін;
KZKGFB KARAGANDA
PCI-3 халықаралық сәлемдемелер үшін;
KZKGFС KARAGANDA
PCI-4 – ІОПЖ сәлемдемелер үшін;
KZKGFD KARAGANDA
PCI-5 – халықаралық жазбаша хат-хабар үшін;
KZKGFЕ KARAGANDA EMS – EMS жөнелтілімдері үшін;
KZKGFF KARAGANDA
PCI-7 – бос ыдыс үшін
«Қазпошта» акционерлік қоғамы
8.
Еркін экономикалық аймақ «Қорғас – Шығыс Қақпасы»
Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Пенжім ауыл округі, есептік квартал 085, жер телімі 1330
KZZRKA KHORGOS PCI-5 – жазбаша хат-хабар үшін;
KZZRKB KHORGOS PCI-3 – халықаралық сәлемдемелер үшін;
KZZRKE KHORGOS EMS – EMS жөнелтілімдер үшін;
KZZRKF KHORGOS PCI-7 – бос ыдыс үшін
«Қазпошта» акционерлік қоғамы
».
2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс департаменті (З. Худайбергенова):
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы 24 қазан