Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 9 февраля 2016 года № 45 «Об утверждении Правил аккредитации организаций, осуществляющих экспертизу ядерной, радиационной и ядерной физической безопасности»

Бұйрық · № 144 · қабылданған 22.04.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2016-no-45/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 9 февраля 2016 года № 45 «Об утверждении Правил аккредитации организаций, осуществляющих экспертизу ядерной, радиационной и ядерной физической безопасности» Қолданыста Бұйрық ·№ 144 ·22.04.2021
22.04.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 9 февраля 2016 года № 45 «Об утверждении Правил аккредитации организаций, осуществляющих экспертизу ядерной, радиационной и ядерной физической безопасности»

Қолданыста Бұйрық ·№ 144 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 9 февраля 2016 года № 45 «Об утверждении Правил аккредитации организаций, осуществляющих экспертизу ядерной, радиационной и ядерной физической безопасности»
Атауы (қаз.)
«Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 45 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
144
Қабылданған күні
22.04.2021
Көрсетілген редакция
22.04.2021 155367_521296.kaz
Соңғы өзгеріс
22.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022641
ЭКБ идентификаторы
155367
Редакция идентификаторы
155367_521296
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:29

0 «Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 45 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 45 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13538 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ядролық және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Ядролық және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі

0 Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаcын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2021 жылғы 22 сәуірдегі
№ 144
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 9 ақпандағы
№ 45 бұйрығымен
бекітілген
Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаcын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң), «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, «Атом энергиясын пайдалану туралы» (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган – атом энергиясын пайдалану саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2

2) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу – атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органның ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыруға ұйымның құзыреттілігін ресми тану рәсімі.

3

3. Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - Көрсетілетін қызметті беруші) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеуді және Көрсетілетін қызметті берушінің, сондай-ақ оның ведомствосының интернет-ресурсында орналастырылатын ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізеді.

4 4. Заңның 26-бабының 3-тармағына сәйкес ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымның:

1 1) аккредиттеу немесе аккредиттеу саласымен тікелей байланысты қызмет саласындағы кемінде бес жыл практикалық жұмыс тәжірибесі;

2 2) тиісті аккредиттеу саласындағы жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етуге қабілетті білікті персоналы;

3 3) мәлімделген жұмыс түрлерін орындау үшін бағдарламалық-техникалық құралдар және (немесе) есептеу әдістемелері болуы тиіс.

2 2-тарау. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу тәртібі

5 5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды тұлға (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы мынадай құжаттарды:

осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрдегі өтінішті;
аккредиттеу саласында немесе аккредиттеу саласымен тікелей байланысты қызмет саласында кемінде бес жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін;
тиісті аккредиттеу саласындағы персоналдың біліктілігін растайтын құжаттардың (тиісті аккредиттеу саласындағы мамандық бойынша дипломдар, болған жағдайда сертификаттар, куәліктер, тиісті аккредиттеу саласындағы біліктілігін және теориялық және практикалық дайындықтан өткенін растайтын куәліктер) электрондық көшірмелерін;
мәлімделген жұмыс түрлерін орындау үшін бағдарламалық-техникалық құралдар және (немесе) есептеу әдістемелерінің электрондық көшірмелерін ұсынады.
Бағдарламалық-техникалық құралдарға ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздікті негіздеу үшін талап етілетін нәтижелерді алу үшін бастапқы деректер мен формулаларды енгізуге мүмкіндік беретін электрондық-есептеу машиналарының бағдарламалық қамтылымы жатады.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді Көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Портал арқылы берген кезде – Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинеті» арқылы Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы жағдайы көрсетіледі.
Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ұсыну ерекшеліктерін ескерумен басқа да мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

6 6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оны Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының қарауына береді.

Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының өтініші тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және қолданылу мерзімін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған және қолданылу мерзімі өткен құжаттар болмаған жағдайда, Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде құжаттар топтамасын осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарау үшін Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық физикалық қауіпсіздік және техникалық кооперация басқармасына жібереді.
Құжаттардың толық топтамасы келіп түскен және қолданылу мерзімі өткен құжаттар болмаған күннен бастап 13 (он үш) жұмыс күні ішінде ядролық физикалық қауіпсіздік және техникалық кооперация басқармасының жауапты орындаушысы және Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы Көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды дайындайды, содан кейін көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілген басқармаларының басшыларына келісуге енгізеді.
1 (бір) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының басшысы және ядролық физикалық қауіпсіздік және техникалық кооперация басқармасының басшысы көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілген басқармаларының жауапты орындаушыларының қорытындыларын келіседі.
Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілген басқармаларының басшыларымен келісілген Көрсетілетін қызметті берушінің сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындыларды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті ресімдейді;
осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген негіздер бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.
1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәлік немесе осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды бірінші басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады және Портал арқылы Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» Көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:

1 1) ұсынған құжаттарда дәйексіз ақпараттың болуы;

2 2) Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3 3) Көрсетілетін қызметті алушы персоналы біліктілігінің мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес келмеуі;

4 4) есептеу әдістемелері мен бағдарламалық құралдарының мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес келмеуі;

5 5) мәлімделген түр бойынша қызметпен айналысуға тыйым салу туралы сот шешімінің болуы.

8 8. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.

3 3-тарау. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу нәтижесіне шағымдану тәртібі

9

9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңына сәйкес беріледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

10 10. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

1 Өтініш

Ядролық қауіпсіздік және (немесе)
радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаcын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Кімге:______________________
(уәкілетті орган
_________________________
басшысының тегі, аты,
________________________
әкесінің аты (болған жағдайда),
________________________
лауазымы)
Кімнен:_____________________
(заңды тұлға басшысының тегі,
________________________
аты, әкесінің аты (болған ________________________
лауазымы (болған жағдайда)
Деректемелер: _____________
бизнес сәйкестендіру
______________________
нөмірі, мекенжайы,
_____________________
байланыс телефоны)
Өтініш
__________________________________ қауіпсіздіктің түрі (түрлері) бойынша
____________________________________________________________________
__________________________________________________ жүзеге асыру үшін
(аккредиттеу саласындағы жұмыс түрі)
________________________________________ аккредиттеуді сұраймын
(заңды тұлғаның атауы)
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1. ______________________________________________________________________________
2. ______________________________________________________________________________
3. ______________________________________________________________________________
4. ______________________________________________________________________________
Заңды тұлғаның басшысы__________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Толтырылған күні 20__жылғы «____» ___________

2 «Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаcын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) физикалық қауіпсіздік сараптамаcын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына 2-қосымша
«Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаcын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Энер­ге­ти­ка ми­ни­стр­лі­гі Атом­дық және энер­ге­ти­ка­лық қа­да­ға­лау мен ба­қы­лау ко­ми­те­ті
2.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ді ұсы­ну тә­сі­лі (мүм­кін­дік ар­на­сы)
www.​egov.​kz «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – Пор­тал).
3.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
20 (жиыр­ма) жұ­мыс кү­ні.
4.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны.
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Яд­ро­лық қа­уіп­сіз­дік және (неме­се) ра­ди­а­ци­я­лық қа­уіп­сіз­дік, және (неме­се) яд­ро­лық фи­зи­ка­лық қа­уіп­сіз­дік са­рап­та­ма­сын жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­ды ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік не Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­ту.
Яд­ро­лық қа­уіп­сіз­дік және (неме­се) ра­ди­а­ци­я­лық қа­уіп­сіз­дік, және (неме­се) яд­ро­лық фи­зи­ка­лық қа­уіп­сіз­дік са­рап­та­ма­сын жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­ды ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің қол­да­ны­лу мер­зі­мі үш жыл­ды құ­рай­ды.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық тү­рін­де.
6.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет заң­ды тұ­лға­лар­ға те­гін көр­се­ті­ле­ді (бұ­дан әрі – Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы)
7.
Жұ­мыс гра­фи­гі
1) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің – дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін;
2) Пор­тал­дың – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді есеп­те­ме­ген­де, тәу­лік бойы (Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес өті­нім­ді қа­был­дау және Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні­мен жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
8.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар ті­бе­сі
1) элек­трон­дық түр­де­гі өті­ніш;
2) ак­кре­дит­теу са­ла­сын­да неме­се ак­кре­дит­теу са­ла­сы­мен ті­ке­лей бай­ла­ны­сты қыз­мет са­ла­сын­да ке­мін­де бес жыл прак­ти­ка­лық жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі­нің бо­луын рас­тай­тын құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі;
3) ти­іс­ті ак­кре­дит­теу са­ла­сын­да­ғы пер­со­нал­дың бі­лік­ті­лі­гін рас­тай­тын құ­жат­тар­дың (ти­іс­ті ак­кре­дит­теу са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дық бой­ын­ша ди­плом­дар, болған жағ­дай­да сер­ти­фи­кат­тар, ку­ә­лік­тер, ти­іс­ті ак­кре­дит­теу са­ла­сын­да­ғы бі­лік­ті­лі­гін және тео­ри­я­лық және прак­ти­ка­лық дай­ын­дық­тан өт­ке­нін рас­тай­тын ку­ә­лік­тер) элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі;
4) мә­лім­дел­ген жұ­мыс түр­ле­рін орын­дау үшін бағ­дар­ла­ма­лық-тех­ни­ка­лық құ­рал­дар және (неме­се) есеп­теу әді­сте­ме­ле­рі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі.
9.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) ұсын­ған құ­жат­тар­да дәй­ек­сіз ақ­па­рат­тың бо­луы;
2) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Энер­ге­ти­ка ми­ни­стрі­нің 2016 жы­л­ғы 9 ақ­пан­да­ғы № 45 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 13538 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген Яд­ро­лық қа­уіп­сіз­дік және (неме­се) ра­ди­а­ци­я­лық қа­уіп­сіз­дік, және (неме­се) яд­ро­лық фи­зи­ка­лық қа­уіп­сіз­дік са­рап­та­ма­сын жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар­ды ак­кре­дит­теу қа­ғи­да­ла­рын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
3) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы пер­со­на­лы бі­лік­ті­лі­гі­нің мә­лім­дел­ген ак­кре­дит­теу са­ла­сы­на сәй­кес кел­ме­уі;
4) есеп­теу әді­сте­ме­ле­рі мен бағ­дар­ла­ма­лық құ­рал­да­ры­ның мә­лім­дел­ген ак­кре­дит­теу са­ла­сы­на сәй­кес кел­ме­уі;
5) мә­лім­дел­ген түр бой­ын­ша қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға тый­ым са­лу ту­ра­лы сот ше­ші­мі­нің бо­луы.
10.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, өзге де та­лап­тар
1) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
мем­ле­кет­тік ор­ган­дар ин­тер­нет-ре­сур­ста­ры­ның www.​gov.​kz бі­рың­ғай плат­фор­ма­сы­ның «Энер­ге­ти­ка ми­ни­стр­лі­гі» де­ген бө­лі­мін­де­гі «Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» де­ген кі­ші бө­лі­мін­де;
Пор­тал­да ор­на­лас­қан;
2) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті Пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар;
3) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де Пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар;
4) Пор­тал ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де на­шар кө­ре­т­ін­дер­ге ар­нал­ған нұс­қа қол­же­тім­ді;
5) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың www.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­ста­ры­ның бі­рың­ғай плат­фор­ма­сы­ның «Энер­ге­ти­ка ми­ни­стр­лі­гі» де­ген бө­лім­де­гі «Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» де­ген кі­ші бө­лімн­де көр­се­ті­л­ген. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8-800-080-7777.

3 Ядролық қауіпсіздік және (немесе)

радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаcын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына 3-қосымша
Нысан
[УО атауы (мемлекеттік тілде)]
УО реквизиттері мемлекеттік тілде
[УО атауы (орыс тілінде)]
УО реквизиттері орыс тілінде
Өтінішті одан әрі қараудан/мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту
Нөмірі: [нөмірі]
Берілген күні: [берілген күні]
[Көрсетілетін қызметті алушының атауы]
[УО ата­уы], Сіз­дің [Өті­ніш бер­ген күн] № [Өті­ніш нө­мі­рі], өті­ні­ші­ң­із­ді қа­рас­ты­рып,.
______________________________________ ха­бар­лай­ды.
[Бас тар­ту се­бе­бі].
[Қол қоюшының лауазымы]
[Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)]

4 Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаcын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы КУӘЛІК

Ядролық қауіпсіздік және (немесе)
радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаcын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына
4-қосымша
Нысан
[УО атауы (мемлекеттік тілде)]
УО реквизиттері мемлекеттік тілде
[УО атауы (орыс тілінде)]
УО реквизиттері орыс тілінде
Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық
физикалық қауіпсіздік сараптамаcын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы
КУӘЛІК
«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына
сәйкес ____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
__________________________________________________________________ жүзеге асыру
үшін аккредиттеледі (аккредиттеу саласындағы жұмыс түрі)
____________________________________________________________________
_____________________________ қауіпсіздіктің түрі(-лері) бойынша
____________________________________________________________________ пайдалану
(есеп айырысу әдістемесі(-лері) және (немесе) бағдарламалық - техникалық құралдары)
____________________________________________________________________
Куәлік 20__ жылғы «___»___________ дейін жарамды
Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының басшысы немесе
оның орынбасары
________________________________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Сериясы ______№ _______________
Берілген күні

Қолданыстағы