Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Каракиянского районного маслихата от 9 декабря 2016 года № 6/75 «Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Каракиянского района»

Ереже · № 2/16 · қабылданған 03.05.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2016-no-675-ekb-181153/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Каракиянского районного маслихата от 9 декабря 2016 года № 6/75 «Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Каракиянского района» Қолданыста Ереже ·№ 2/16 ·03.05.2023
03.05.2023 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Каракиянского районного маслихата от 9 декабря 2016 года № 6/75 «Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Каракиянского района»

Қолданыста Ереже ·№ 2/16 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Каракиянского районного маслихата от 9 декабря 2016 года № 6/75 «Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Каракиянского района»
Атауы (қаз.)
Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 6/75 «Қарақия ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2/16
Қабылданған күні
03.05.2023
Көрсетілген редакция
03.05.2023 181153_629966.kaz
Соңғы өзгеріс
03.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23MD456012
ЭКБ идентификаторы
181153
Редакция идентификаторы
181153_629966
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:18

0 Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 6/75 «Қарақия ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 6/75 «Қарақия ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3252 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.»;
Қарақия ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережеде:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасының атына еңбек ұжымының марапаттау бетшесі мен қолдаухаты аудан әкімі аппаратының және аудандық мәслихат аппаратының кадр жұмыстары бөліміне жолданады. Әрі қарай Құрмет грамотасымен марапаттау жөнінде келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және ұсыныстар дайындау үшін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жолданады.»;
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«12. Құрмет грамотасы аудандық мәслихаттың төрағасымен не аудан әкімімен марапатталушының жұмыс орны бойынша еңбек ұжымдарында, мәслихат сессияларында, жиындарда және аудан активінің жиналыстарында салтанатты түрде табыс етіледі.»;
13-тармақтың бесінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
«Мәтіннің астында қосарланып аудан әкімінің және аудандық мәслихат төрағасының қолдары орналасады.».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы