О внесении изменений в решение акима Андреевского сельского округа Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области от 9 февраля 2017 года № 1 «О переименовании улиц»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Андреевского сельского округа Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области от 9 февраля 2017 года № 1 «О переименовании улиц»
- Атауы (қаз.)
- «Көшелердің атауын өзгерту туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Андреевка ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 9 ақпандағы № 1 шешіміне өзгертулер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 16.10.2017
- Көрсетілген редакция
- 16.10.2017 115671_248092.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.10.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17VHB05268
- ЭКБ идентификаторы
- 115671
- Редакция идентификаторы
- 115671_248092
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:37
0 «Көшелердің атауын өзгерту туралы»
Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха
ауданы Андреевка ауылдық округі
әкімінің 2017 жылғы 09 ақпандағы № 1
шешіміне өзгертулер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Андреевка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1
1. «Көшелердің атауын өзгерту туралы» Бородулиха ауданы Андреевка ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 09 ақпандағы № 1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4903 тіркелген, 2017 жылғы 07 сәуірде № 14 (685) «Аудан тынысы», 2017 жылғы 07 сәуірде № 14 (7004) «Пульс района» аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі реттік нөмірлері 2-ден 3-ке, 3-тен 4-ке өзгертілсін, орыс тілдегі реттік нөмірлер өзгертілмейді;
мемлекеттік тілдегі 2 – тармақ келесі редакцияда жазылсын:
Андреевка ауылдық округі Михайличенково ауылының атаусыз көшесіне Болашақ атауы берілсін.