О внесении изменений и дополнения в постановление акимата города Астаны от 9 января 2017 года № 107-1 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы в расчете на одного воспитанника на 2017 год в дошкольных организациях города Астаны»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление акимата города Астаны от 9 января 2017 года № 107-1 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы в расчете на одного воспитанника на 2017 год в дошкольных организациях города Астаны»
- Атауы (қаз.)
- Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 9 қаңтардағы № 107-1 «Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2017 жылға бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыруды және ата-ананың ақы төлеу көлемін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 107-2154
- Қабылданған күні
- 19.10.2017
- Көрсетілген редакция
- 19.10.2017 115532_250494.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.10.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17ABW01136
- ЭКБ идентификаторы
- 115532
- Редакция идентификаторы
- 115532_250494
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:35
0 Астана қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 9 қаңтардағы № 107-1
«Астана қаласының мектепке дейінгі
ұйымдарындағы 2017 жылға бір
тәрбиеленушіге мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік
білім беру тапсырысын, жан басына
шаққандағы қаржыландыруды және
ата-ананың ақы төлеу көлемін
бекіту туралы» қаулысына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасысының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы
27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабының 3-тармағының
7-1) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 9 қаңтардағы № 107-1 «Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2017 жылға бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыруды және ата-ананың ақы төлеу көлемін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1089 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 қаңтардағы «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2017 жылға бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу көлемін бекіту туралы»;
жоғарыда көрсетілген қаулының 1-тармағы мен 1-қосымшасындағы «жан басына шаққандағы қаржыландыруды және» деген сөздер алынып тасталсын;
жоғарыда көрсетілген қаулыға 1-қосымшадағы 4-бағанның атауы
мынадай редакцияда жазылсын:
«Мектепке дейінгі ұйымдарда бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құнының бір айдағы мөлшері (теңге)»;
жоғарыда көрсетілген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 35-1 жолмен толықтырылсын:
«
35-1.
Астана қаласы әкімдігінің
«№ 93 «Айгөлек» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорыны
240
30441
3 жасқа дейін – 14700;
3-6 жастан – 16800
».
2 2. «Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бекітілген қаржыландыру жоспары шегінде тәрбиелеу мен оқыту бойынша мектепке дейінгі ұйымның ағымдағы шығындарын өтеуді 2017 жылғы 1 қазаннан бастап жүргізсін.
3 3. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;