Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата Кызылординской области от 9 января 2017 года № 680 «О некоторых вопросах бюджетных инвестиций»

Қаулы · № 887 · қабылданған 29.09.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2017-no-680/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата Кызылординской области от 9 января 2017 года № 680 «О некоторых вопросах бюджетных инвестиций» Қолданыста Қаулы ·№ 887 ·29.09.2017
29.09.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата Кызылординской области от 9 января 2017 года № 680 «О некоторых вопросах бюджетных инвестиций»

Қолданыста Қаулы ·№ 887 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата Кызылординской области от 9 января 2017 года № 680 «О некоторых вопросах бюджетных инвестиций»
Атауы (қаз.)
«Бюджеттік инвестициялардың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 9 қаңтардағы № 680 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
887
Қабылданған күні
29.09.2017
Көрсетілген редакция
29.09.2017 115207_241473.kaz
Соңғы өзгеріс
29.09.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17L0005988
ЭКБ идентификаторы
115207
Редакция идентификаторы
115207_241473
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:45

0 «Бюджеттік инвестициялардың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 9 қаңтардағы № 680 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Бюджеттік инвестициялардың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 9 қаңтардағы № 680 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5697 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 8 ақпанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

1 «1. «Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамы, «Қызылорда облысының аумақтық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Жобаларға сараптама жүргізу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

1 1) облыстық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерінің, сондай-ақ, республикалық бюджеттен берілетін кредиттер мен нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландыруға жоспарланатын облыстық бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын;

2 2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы облыстық бюджет қаражаты есебінен іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың, сондай-ақ, нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландыруға жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын;

3

3) техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін облыстық бюджеттік инвестициялық жобаларды және қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын бюджеттiк кредиттеудiң экономикалық сараптамасын облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыруға заңды тұлғалар ретінде айқындалсын.».

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Д. Ысқақовқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы