Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 9 января 2018 года № 11-1-4/10 «Об утверждении стандартов государственных услуг по вопросам учета граждан Республики Казахстан за рубежом»

Бұйрық · № 11-1-4/486 · қабылданған 26.10.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2018-no-11-1-410/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 9 января 2018 года № 11-1-4/10 «Об утверждении стандартов государственных услуг по вопросам учета граждан Республики Казахстан за рубежом» Күшін жойған Бұйрық ·№ 11-1-4/486 ·26.10.2018
28.05.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 9 января 2018 года № 11-1-4/10 «Об утверждении стандартов государственных услуг по вопросам учета граждан Республики Казахстан за рубежом»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 11-1-4/486 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 9 января 2018 года № 11-1-4/10 «Об утверждении стандартов государственных услуг по вопросам учета граждан Республики Казахстан за рубежом»
Атауы (қаз.)
2018 жылғы 9 қаңтардағы «Шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының есебі мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің № 11-1-4/10 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
11-1-4/486
Қабылданған күні
26.10.2018
Көрсетілген редакция
28.05.2020 125875_464779.kaz
Соңғы өзгеріс
28.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017711
ЭКБ идентификаторы
125875
Редакция идентификаторы
125875_464779
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:49

0 2018 жылғы 9 қаңтардағы «Шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының есебі мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің № 11-1-4/10 бұйрығына өзгерістер

енгізу туралы
2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына және 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. 2018 жылғы 9 қаңтардағы «Шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының есебі мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің № 11-1-4/10 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16296 тіркелген, 2018 жылғы 9 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жеке тұлғамен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 2 (екі) жұмыс күні;»;
8-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы арқылы кезекті брондауға болады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Құқықтық сараптама басқармасына ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
____________ Д. Абаев
2018 жылғы «__» _________

Қолданыстағы