Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 9 октября 2018 года № 240 «Об установлении охранной зоны, режима, порядка природопользования республиканского государственного учреждения «Устюртский государственный природный заповедник» Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»

Қаулы · № 2 · қабылданған 14.01.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2018-no-240-ekb-138713/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 9 октября 2018 года № 240 «Об установлении охранной зоны, режима, порядка природопользования республиканского государственного учреждения «Устюртский государственный природный заповедник» Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 2 ·14.01.2020
14.01.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 9 октября 2018 года № 240 «Об установлении охранной зоны, режима, порядка природопользования республиканского государственного учреждения «Устюртский государственный природный заповедник» Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 2 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 9 октября 2018 года № 240 «Об установлении охранной зоны, режима, порядка природопользования республиканского государственного учреждения «Устюртский государственный природный заповедник» Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 240 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын, табиғат пайдалану режимін, тәртібін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2
Қабылданған күні
14.01.2020
Көрсетілген редакция
14.01.2020 138713_438534.kaz
Соңғы өзгеріс
14.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20M0004110
ЭКБ идентификаторы
138713
Редакция идентификаторы
138713_438534
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:22

0 Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 240

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын, табиғат пайдалану режимін, тәртібін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 240 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын, табиғат пайдалану режимін, тәртібін белгілеу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3760 болып тіркелген, 2018 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын, табиғат пайдалану режимін, тәртібін белгілеу туралы»;
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағы аумағының айналасында жер учаскелері меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алынып қойылмай, ені екі шақырым жалпы көлемі 63864,2 гектар жер учаскесі қорғау аймағы болып белгіленсін.»;
2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағы аумағының айналасында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі белгіленсін.»;
қосымшада:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын, табиғат пайдалану режимін, тәртібін белгілеу туралы»;
1 тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Қорық) қорғау аймағында:».

2

2. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Е.Д. Дүзмағамбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.А. Қашақовқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы