Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 9 октября 2018 года № 240 «Об установлении охранной зоны, режима, порядка природопользования республиканского государственного учреждения «Устюртский государственный природный заповедник» Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан»

Қаулы · № 223 · қабылданған 14.11.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2018-no-240/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 9 октября 2018 года № 240 «Об установлении охранной зоны, режима, порядка природопользования республиканского государственного учреждения «Устюртский государственный природный заповедник» Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 223 ·14.11.2024
14.11.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 9 октября 2018 года № 240 «Об установлении охранной зоны, режима, порядка природопользования республиканского государственного учреждения «Устюртский государственный природный заповедник» Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 223 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 9 октября 2018 года № 240 «Об установлении охранной зоны, режима, порядка природопользования республиканского государственного учреждения «Устюртский государственный природный заповедник» Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 240 «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын, табиғат пайдалану режимін, тәртібін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
223
Қабылданған күні
14.11.2024
Көрсетілген редакция
14.11.2024 202819_728471.kaz
Соңғы өзгеріс
14.11.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24M0474612
ЭКБ идентификаторы
202819
Редакция идентификаторы
202819_728471
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 08:41

0

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 240 «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын, табиғат пайдалану режимін, тәртібін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын, табиғат пайдалану режимін, тәртібін белгілеу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 240 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3740 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын, қорғау аймағының аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібін белгілеу туралы»;
кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 123-бабына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18, 43-баптарына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағының айналасында меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, ені екі шақырым жалпы ауданы 63864,2 гектар қорғау аймағы белгіленсін.»;
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағының аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі белгіленсін.»;
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағының аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі

Маңғыстау облысы әкімдігінің
2024 жылғы 14 қарашадағы
№ 223 қаулысына қосымша
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2018 жылғы 9 қазандағы
№ 240 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағының аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі

1 1. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – қорық) қорғау аймағында тыйым салынады:

1 1) жаңа елді мекендер құру және бар елді мекендерді кеңейту;

2 2) қорықтың экологиялық жүйесіне зиянды әсер ететін объектілерді орналастыру, жобалау, салу және пайдалану, жаңа технологиялар енгізу;

3 3) өсімдіктер мен жануарлар дүниесі үшін зәрлі пестицидтер, улы химикаттар мен тыңайтқыштар қолданылатын ауыл және орман шаруашылығының интенсивті нысандарын енгізу;

4 4) атмосфераға және ашық су көздері мен рельефке ластаушы заттар мен сарқынды суларды төгу, қалдықтарды орналастыру;

5 5) пайдалы қазбалар өңдіру;

6 6) әуесқойлық (спорттық) және кәсіпшілік аң аулау;

7 7) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіп қалдықтарын көму;

8 8) қорықтың экологиялық жүйесінің гидрологиялық режимін өзгертетін қызмет (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға әкеп соғатын басқа да объектілер салу);

9 9) жабайы жануарлар мен жабайы өсімдіктердің бөтен түрлерін жерсіндіру;

10 10) қорықтың экологиялық жүйесіне зиянды әсер ететін басқа да қызмет.

2 2. Қорықтың қорғау аймағының аумағында қорықтың экологиялық жүйесінің жай-күйіне теріс әсер етпейтін шаруашылық қызметтің мынадай әртүрлі нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:

1 1) орман шаруашылығы қызметі;

2 2) мал жайылымы және шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық саналуандықты ұзақ мерзімді сақтау мен оның беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет;

3 3) туристік және рекреациялық қызмет;

4 4) минералды суларды, бальнеологиялық және климаттық ресурстарды пайдалану;

5 5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;

6 6) орман және дала өрттерін сөндіру жөнінде жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу;

7 7) бүлінген жерлерді рекультивациялау;

8 8) орман және өзге де өсімдік қауымдастықтарын қалпына келтіру;

9 9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтiру;

10

10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарларды эндемикалық, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін жасанды жолмен көбейту, өсіру, өндіру үшін питомниктер салу, қорық қызметкерлерінің тұруы үшін қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызмет бабындағы жер үлестерін беру үшін пайдалану.

3

3. Қорықтың қорғау аймағында осы қосымшаның 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды учаскелерге, сондай-ақ мемлекеттік табиғи қорық қорының өзге объектілеріне қол сұғылмауы қамтамасыз етілуге тиіс.

Қолданыстағы