Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 9 ноября 2018 года № 787 «Об утверждении Правил отзыва военнослужащего Вооруженных Сил Республики Казахстан из ежегодного основного отпуска в случае служебной необходимости»

Бұйрық · № 57 · қабылданған 02.02.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2018-no-787/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 9 ноября 2018 года № 787 «Об утверждении Правил отзыва военнослужащего Вооруженных Сил Республики Казахстан из ежегодного основного отпуска в случае служебной необходимости» Қолданыста Бұйрық ·№ 57 ·02.02.2021
02.02.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.02.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 9 ноября 2018 года № 787 «Об утверждении Правил отзыва военнослужащего Вооруженных Сил Республики Казахстан из ежегодного основного отпуска в случае служебной необходимости»

Қолданыста Бұйрық ·№ 57 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 9 ноября 2018 года № 787 «Об утверждении Правил отзыва военнослужащего Вооруженных Сил Республики Казахстан из ежегодного основного отпуска в случае служебной необходимости»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісін қызметтік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы негізгі демалыстан шақыртып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 9 қарашадағы № 787 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
57
Қабылданған күні
02.02.2021
Көрсетілген редакция
02.02.2021 152705_509258.kaz
Соңғы өзгеріс
02.02.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022162
ЭКБ идентификаторы
152705
Редакция идентификаторы
152705_509258
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:41

0 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісін қызметтік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы негізгі демалыстан шақыртып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 9 қарашадағы № 787 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісін қызметтік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы негізгі демалыстан шақыртып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 9 қарашадағы № 787 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17906 болып тіркелген, 2018 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісін қызметтік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы негізгі демалыстан шақыртып алу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әскери қызметшіге қызметтік қажеттілік жағдайында демалыстан шақыртып алу туралы бұйырымды (өкімді) әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) атынан ол тікелей бағыныста тұрған лауазымды адам шақыртып алу себебін көрсете отырып ауызша жеткізеді. Әскери қызметшіге ауызша бұйырымды (өкімді) жеткізу мүмкін болмаған жағдайларда әскери бөлімнің (мекеменің) штабы Әскери қызмет өткеру қағидаларының 113-тармағына сәйкес әскери қызметші әскери есепке тұрған органды хабардар етеді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы