О внесении изменений в постановление акимата города Петропавловска от 9 июля 2018 года № 974 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и лиц, состоящих на учете службы пробации города Петропавловска»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Петропавловска от 9 июля 2018 года № 974 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и лиц, состоящих на учете службы пробации города Петропавловска»
- Атауы (қаз.)
- «Петропавл қаласының бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 9 шілдедегі № 974 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 478
- Қабылданған күні
- 08.04.2019
- Көрсетілген редакция
- 19.05.2021 130375_526038.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.05.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19SA005329
- ЭКБ идентификаторы
- 130375
- Редакция идентификаторы
- 130375_526038
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:29
0 «Петропавл қаласының бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»
Петропавл қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 9 шілдедегі № 974 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 7), 8) тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 – бабына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Петропавл қаласының бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 9 шілдедегі № 974 қаулысына (2018 жылғы 20 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4836 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1, 2 - қосымшалар осы қаулының 1, 2 - қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Петропавл қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Петропавл қаласы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдар тізімі
Петропавл қаласы әкімдігінің
2019 жылғы «08» 04 № 478
қаулысына 1-қосымша
Петропавл қаласы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдар тізімі
№ р/с
Ұйым атауы
Қызметкерлердің жыл басындағы тізімдік саны (адам)
Квота мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санынан алғандағы пайызы)
Жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
2
3
4
1
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Еңбек-Қызылжар» филиалы
57
2%
1
5 Петропавл қаласы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдар тізімі
Петропавл қаласы әкімдігінің
2019 жылғы «08» 04 № 478
қаулысына 2-қосымша
Петропавл қаласы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс
орындарына квота белгіленген ұйымдар тізімі
№ р/с
Ұйым атауы
Қызметкерлердің жыл басындағы тізімдік саны (адам)
Квота мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санынан алғандағы пайызы)
Жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
2
3
4
1
«Петропавловскспецкоммунстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
101
1%
1
2
«Основание» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
249
0,5%
1
3
«Зерттеу СК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
76
1%
1
4
«Стройкомпания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
101
1%
1
5
«Севимсталькон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
99
1%
1
6
«Сұлтан кондитерлік бұйымдары» акционерлік қоғамы
218
0,5%
1
7
«Құрылыс Сервис-СК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
45
3%
1