Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Жалагашского района от 9 января 2018 года №2 “Об утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Жалагашского района”

Қаулы · № 140 · қабылданған 05.10.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2018-no2-ekb-147230/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Жалагашского района от 9 января 2018 года №2 “Об утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Жалагашского района” Қолданыста Қаулы ·№ 140 ·05.10.2020
05.10.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Жалагашского района от 9 января 2018 года №2 “Об утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Жалагашского района”

Қолданыста Қаулы ·№ 140 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Жалагашского района от 9 января 2018 года №2 “Об утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Жалагашского района”
Атауы (қаз.)
“Жалағаш ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы №2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
140
Қабылданған күні
05.10.2020
Көрсетілген редакция
05.10.2020 147230_484527.kaz
Соңғы өзгеріс
05.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20LF007687
ЭКБ идентификаторы
147230
Редакция идентификаторы
147230_484527
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:29

0 “Жалағаш ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы №2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

“Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкеc Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. “Жалағаш ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы №2 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6153 болып тіркелген, 2018 жылғы 1 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына және “Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген) сәйкес Жалағаш ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Жалағаш ауданы әкімдігінің

2020 жылғы 5 қазаны
№140 қаулысына қосымша
Жалағаш ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 9 қаңтардағы
№2 қаулысына қосымша
Жалағаш ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Орналасу орны
Алатын алаңы
(шаршы метр)
Қызмет саласы
Ұсыну мерзімі
Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)
1
2
3
4
5
6
1
Жалағаш кенті, Абай көшесі,“Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының №13 Жалағаш ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жаны
250 шаршы метр
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5 жыл
“Күншығыс” дүкені
2
Жалағаш кенті, Қазыбек би көшесі, “Қаппар Ата” сауда кешені мен “Маржан-2002” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің автобустар тұрағы арасындағы аумақ
260 шаршы метр
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5 жыл
“Жансая” дүкені
3
Жалағаш кенті, “Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қонысбек Қазантаев атындағы Мәдениет үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жаны
260 шаршы метр
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5 жыл
“Алихан” дүкені
4
Ақсу ауылы, Т.Елеусінов көшесі, “Ақбота” мейрамханасының сол жағы
30 шаршы метр
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5 жыл
“Алмат” дүкені
5
М.Шәменов ауылы, А.Құнанбаев көшесі, сауда дүкенінің сол жағы
50 шаршы метр
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5 жыл
Аралас сауда дүкені
6
Қаракеткен ауылы, Қалмахан Кәрібаев көшесі, №2 үйдің сол жағы
30 шаршы метр
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5 жыл
“Фариза” дүкені
7
Бұқарбай батыр ауылы, Бұқарбай батыр мен Ж.Ермағанбетов көшелерінің қиылысындағы Бұқарбай батыр атындағы мәдени тарихи мемориалдық үйінің оң жағы
10 шаршы метр
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5 жыл
“Сымбат” дүкені
8
Таң ауылы, Орынбай жырау көшесі, Жалағаш аудандық білім бөлімінің “№118 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сол жағы
100 шаршы метр
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5 жыл
“Нұртілек” дүкені
9
Аққұм ауылы, Б.Ақдаулетов және Х.Сарбасов көшелерінің қиылысындағы “Қазпошта” АҚ Қызылорда облыстық филиалы (Аққұм ауыл пошта байланыс бөлімшесі) ғимаратының артқы жағы
12 шаршы метр
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5 жыл
“Жансая” дүкені
10
Еңбек ауылы, А.Құнанбаев көшесі, ауыл базарының оң жағы
100 шаршы метр
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5 жыл
“Асылзат” мейрамханасы
11
Есет батыр ауылы, Аламесек көшесі, “Қазақтелеком” АҚ Оңтүстік Өңірлік Телекоммуникация Дирекциясы Жалағаш желілік техникалық учаскесі мұнарасының оң жағы
50 шаршы метр
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5 жыл
“Ақбота” дүкені
12
Жаңадария ауылы, Абай көшесі, №13 үйдің оң жағы
40 шаршы метр
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5 жыл
Жеке кәсіпкер “К.Куракбаеваның” дүкені
13
Мырзабай ахун ауылы, Мәдениет көшесі, “Қазпошта” АҚ Қызылорда облыстық филиалы (Мырзабай ахун ауыл пошта байланыс бөлімшесі) ғимаратының сол жағы
40 шаршы метр
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5 жыл
“Таңшолпан” дүкені
14
Мәдениет ауылы, Қалдан батыр көшесі, бұрынғы сауда қатарының оң жағы
30 шаршы метр
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5 жыл
“Жомарт” дүкені
15
Темірбек Жүргенов ауылы, М.Нұрылдаев көшесі, сауда орталығының алдыңғы жағы
21 шаршы метр
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5 жыл
“Бәйтерек” дүкені
16
Жаңаталап ауылы, П.Қарақұлұлы және Ә.Қожабаев көшелерінің қиылысындағы аялдаманың оң жағы
50 шаршы метр
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5 жыл
“Нұржұма” дүкені
17
Аққыр ауылы, Ы.Ақмырзаев көшесі, “Жалағаш ауданы әкімдігінің “Аққыр ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оңтүстік жағы
50 шаршы метр
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5 жыл
“Гүлдана” дүкені

Қолданыстағы