Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 9 июля 2019 года № 526 «Об утверждении Правил выдачи удостоверения участника Великой Отечественной войны»

Бұйрық · № 595 · қабылданған 03.09.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2019-no-526/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 9 июля 2019 года № 526 «Об утверждении Правил выдачи удостоверения участника Великой Отечественной войны» Қолданыста Бұйрық ·№ 595 ·03.09.2021
03.09.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.09.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 9 июля 2019 года № 526 «Об утверждении Правил выдачи удостоверения участника Великой Отечественной войны»

Қолданыста Бұйрық ·№ 595 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 9 июля 2019 года № 526 «Об утверждении Правил выдачи удостоверения участника Великой Отечественной войны»
Атауы (қаз.)
«Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 526 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
595
Қабылданған күні
03.09.2021
Көрсетілген редакция
03.09.2021 158355_537415.kaz
Соңғы өзгеріс
03.09.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100024248
ЭКБ идентификаторы
158355
Редакция идентификаторы
158355_537415
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:55

0 «Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 526 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 526 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19008 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереже 21-тармағының 19-96) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі

1 Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру қағидалары

Казақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2021 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 595 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы 9 шілдедегі № 526
бұйрығымен бекітілген
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер (бұдан әрі – куәліктер) беру және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

2

2. Ұлы Отан соғысы кезеңiнде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау жөніндегі басқа да жауынгерлік операциялар кезiнде әрекеттегі армия және флот құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын күрес жүргізушілері соғысқа қатысушылар деп танылады.

3 3. «Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдер арқылы Қорғаныс министрлігінің жергілікті әскери басқару органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

4 4. Куәлікті беру кезінде бұрын берілген Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үлгісіндегі Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігі алынбайды.

2 2-тарау. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру тәртібі

5

5. Қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну ерекшеліктері ескерілген мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) мазмұндалған.
Куәлік беру мерзімі 1 (бір) жұмыс күнін құрайды (өтініш пен құжаттар қабылданған күн қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрақты тіркелген орны бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы не көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық нысанда www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталына (бұдан әрі – портал) өтініш береді.
Құжаттарды қабылдаған кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді не көрсетілетін қызметті алушы толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын (сәйкестендіру үшін) құжат туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген көздерден графикалық файл түрінде көлемі 30х40 миллиметр цифрлық фотосуретті қосымша алады.
Порталға өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін Мемлекеттік корпорация филиалын таңдайды. Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған күнін көрсете отырып, өтінішті қабылдағаны туралы хабарлама жолданады.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және жауапты орындаушыға орындау үшін беруді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарауды жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушының құқықтық мәртебесін растайтын ақпарат және қажетті мәліметтер болған кезде беру үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік не осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама (бұдан әрі – бас тарту туралы хабарлама) дайындауды ұйымдастырады.
Куәлікті беру үшін ақпарат және қажетті мәліметтер болмаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ұзартылады:
30 (отыз) жұмыс күніне дейін – Қазақстан Республикасының тиісті органдарынан растауды алу қажет болған кезде;
90 (тоқсан) жұмыс күніне дейін – кейіннен көрсетілетін қызметті алушыны Мемлекеттік корпорация арқылы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша немесе портал арқылы өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық нысанда 1 (бір) жұмыс күні ішінде мерзімді ұзарту туралы хабардар етумен бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы елдерінің архивтерінен ақпарат алу қажет болған кезде.
Сұрау салынған ақпаратты және қажетті мәліметтерді алған кезде 1 (бір) жұмыс күні ішінде куәлік не бас тарту туралы хабарлама ресімделеді және беріледі.
Порталға өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» куәліктің дайын екені туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама жолданады.
Бас тарту туралы хабарлама Стандарттың 9-тармағында көзделген жағдайларда ресімделеді.

6 6. Көрсетілетін қызметті беруші таңдалған Мемлекеттік корпорация филиалына немесе өтініш жасаған орны бойынша қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жеткізуді қамтамасыз етеді.

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жеке басын куәландыратын құжатты немесе «электрондық үкімет» мобильдік қосымшасының «Цифрлық құжаттар» бөлімінен жеке куәлігінің цифрлық құжатын (сәйкестендіру үшін) не нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілінің құжатын ұсынған кезде жүзеге асырылады.

7

7. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингтеудің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

8 8. Лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

1.1 Ұлы Отан

соғысының ардагерлеріне
куәліктер беру қағидаларына
1-қосымша
1.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қор­ға­ныс ми­ни­стр­лі­гі­нің жер­гі­лік­ті әс­ке­ри бас­қа­ру ор­ган­да­ры
2.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
Өті­ніш­ті қа­был­дау:
1) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция;
2) www.​egov.​kz «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
1) 1 (бір) жұ­мыс кү­ні;
2) ку­ә­лік бе­ру үшін ақ­па­рат және қа­жет­ті мә­лі­мет­тер бол­ма­ған кез­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ны бір жұ­мыс кү­ні ішін­де мер­зім­ді ұзар­ту ту­ра­лы ха­бар­дар ету­мен мер­зім 30 (отыз) жұ­мыс кү­ніне дей­ін ұзар­ты­ла­ды;
3) бұ­рын­ғы Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы ел­де­рі­нің ар­хив­те­рі­нен ақ­па­рат алу қа­жет болған жағ­дай­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ны бір жұ­мыс кү­ні ішін­де мер­зім­ді ұзар­ту ту­ра­лы ха­бар­дар ету­мен ку­ә­лік бе­ру мер­зі­мі 90 (тоқ­сан) жұ­мыс кү­ніне дей­ін ұзар­ты­ла­ды.
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы өті­ніш жа­са­ған кез­де:
1) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ал­ған­ға дей­ін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 15 (он бес) ми­нут;
2) өті­ніш жа­са­ған кү­ні қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 15 (он бес) ми­нут.
4.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) және (неме­се) қа­ға­з­да.
5.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
1) Ұлы Отан со­ғы­сы ар­да­ге­рі­нің ку­ә­лі­гін бе­ру;
2) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: қа­ға­з­да.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға құ­жат­тар­ды бе­ру же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­ты не «элек­трон­дық үкі­мет» мо­биль­дік қо­сым­ша­сы­ның «Цифр­лық құ­жат­тар» бө­лі­мі­нен же­ке ку­ә­лі­гі­нің цифр­лық құ­жа­тын (сәй­кестен­ді­ру үшін) не но­та­ри­ат рас­та­ған се­нім­хат бой­ын­ша оның өкі­лі­нің құ­жа­тын ұсын­ған кез­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция бір ай ішін­де нәти­же­ні сақ­та­уды қам­та­ма­сыз ете­ді, одан кей­ін оны одан әрі сақ­тау үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге бе­ре­ді. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бір ай өт­кен­нен кей­ін өті­ніш жа­са­ған кез­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның сұ­рау са­луы бой­ын­ша бір жұ­мыс кү­ні ішін­де дай­ын құ­жат­тар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға бе­ру үшін Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға жол­дай­ды.
6.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Те­гін
7.
Жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ға­дей­ін­са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, түс­кі ас­қа үзі­ліс са­ғат 13.00-ден 14.00-ге дей­ін;
2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жек­сен­бі­ні және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден сен­бі­ге дей­ін­гі­ні қо­са ал­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес түс­кі ас­қа үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін.
Қа­был­дау көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның тұ­рақ­ты тір­кел­ген ор­ны бой­ын­ша же­дел қыз­мет көр­се­ту­сіз жү­зе­ге асы­ры­ла­ды, элек­трон­дық ке­зек­ті пор­тал ар­қы­лы бронь­да­у­ға бо­ла­ды;
3) пор­тал­да – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өті­ніш жа­са­ған кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау кү­ні ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні бо­лып та­бы­ла­ды).
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қор­ға­ныс ми­ни­стр­лі­гі­нің www.​gov.​kz;
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның: www.​gov4c.​kz;
пор­тал­дың: www.​egov.​kz. ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
8.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
1) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға:
осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша Ұлы Отан со­ғы­сы ар­да­ге­рі­нің ку­ә­лі­гін бе­ру­ге өті­ніш;
әс­ке­ри би­лет неме­се ар­хив­тік анық­та­ма;
2) пор­тал­ға:
ұя­лы бай­ла­ныс опе­ра­то­ры ұсын­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның або­нент­тік нө­мі­рі пор­тал­дың есеп­ке алу жа­з­ба­сы­на тір­кел­ген және қо­сы­л­ған жағ­дай­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы­мен неме­се бір рет­тік па­роль­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге өті­ніш;
әс­ке­ри би­лет­тің неме­се ар­хив­тік анық­та­ма­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
9.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) нақ­ты еме­сті­гін анық­тау;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің «Ар­да­гер­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 9-ба­бын­да және осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі.
10.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге де та­лап­тар
Тір­ші­лік әре­ке­тін шек­тей­тін ор­га­низм қыз­ме­ті­нің тұ­рақ­ты бұ­зы­луы­мен ден­са­улы­ғы на­шар­ла­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін құ­жат­тар­ды қа­был­да­уды қа­жет болған жағ­дай­да Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның 1414, 8 800 080 7777 те­ле­фо­ны ар­қы­лы өті­ніш жа­сау жо­лы­мен тұр­ғы­лық­ты же­ріне ба­ру­мен Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция қыз­мет­ке­рі жүр­гі­зе­ді.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның қа­шық­тық­тан қол­же­тім­ді­лік ре­жи­мін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма қыз­ме­ті, Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның 1414, 8 800 080 7777 те­ле­фо­ны ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту бел­гі­сі ту­ра­лы ақ­па­рат алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ болған жағ­дай­да пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қор­ға­ныс ми­ни­стр­лі­гі­нің www.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да, сон­дай-ақ Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның www.​gov4c.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның 1414, 8 800 080 7777 те­ле­фо­ны ар­қы­лы алу­ға бо­ла­ды.

1.2 Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігін беруге өтініш

Ұлы Отан
соғысының ардагерлеріне
куәліктер беру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
____________________________
(облысы)
____________________________
(ауданы (қаласы) қорғаныс
істері жөніндегі басқармасының
(бөлімінің) бастығына
Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігін беруге өтініш
1.________________________________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған кезде)
2.________________________________________________________________________
(туған күні, айы, жылы, жеке куәлігінің (төлқұжатының)
№, жеке сәйкестендіру нөмірі)
3.________________________________________________________________________
(туған жері – ауыл, кент, аудан, облыс)
4.________________________________________________________________________
(отбасы жағдайы)
5.________________________________________________________________________
(тұрғылықты жері бойынша тіркелген мекенжайы)
6.________________________________________________________________________
(уақытша келген, тұратын мекенжайы (бар болған кезде)
__________________________________________________________________________
(себебін көрсету)
_______________________________________________________________________________
байланысты Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігін беруіңізді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20__жылғы «___»______ _______________________________ ____________________
(тегі және инициалдары) (қолы)

1.3 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

Ұлы Отан
соғысының ардагерлеріне
куәліктер беру қағидаларына
3-қосымша
Нысан
__________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)
__________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының №____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты
______________________________________________________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)
мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1)____________________________________;
2)____________________________________;
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
________________________________________________________________________________
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) (қолы)
Орындаушы ________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)
Телефон ___________________
Алдым:
________________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) (қолы)
20__жылғы «___» ____________

1.4 Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігі

Ұлы Отан
соғысының ардагерлеріне
куәліктер беру қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігі

1.5 Ұлы Отан соғысының

ардагерлеріне куәліктер
беру қағидаларына
5-қосымша
Нысан
___________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) ___________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
«Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес құқықтық мәртебені белгілеу үшін Сіз ұсынған және жолданған сұрау салуларға сәйкес алынған ақпараттың және қажетті мәліметтердің жеткілікті болмауына байланысты Сізді мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылғаны туралы хабардар етеміз.
Хабарлама әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
_________________________________________________________________ облысы
(астананың, республикалық маңызы бар қаланың немесе облыстың атауы
_________________________________________________________ ауданы (қаласы)
(ауданның немесе аудандардың атауы)
қорғаныс істері жөніндегі басқармасының (бөлімінің) бастығы
________________________________________________________________________
(әскери атағы,қолы, тегі және инициалдары)
Орындаушы ____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)
Телефон ___________________
Алдым:
____________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) (қолы)
20__жылғы «___» ____________

1.6 Ұлы Отан

соғысының ардагерлеріне
куәліктер беру қағидаларына
6-қосымша
Нысан
__________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)
___________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
«Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Сізге құқықтық мәртебе белгілеу үшін Сіз ұсынған ақпараттың және қажетті мәліметтердің жеткілікті болмауына байланысты
___________________________________________________________ облысы
(астананың, республикалық маңызы бар қаланың немесе облыстың атауы)
_________________________________________________ауданының (қаласының)
(ауданның немесе аудандардың атауы)
қорғаныс істері жөніндегі басқармасы (бөлімі) 20 __ жылғы
«___» ___________ № ____________ __________________________________
(күні) (шығыс нөмірі)
____________________________________________________________________
(тиісті органның атауы)
____________________________________________________________________
қолда бар ақпаратқа растау алу үшін сұрау салу жолдады.
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 30 (отыз) немесе 90 (тоқсан) жұмыс күніне дейін ұзартылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің дайын екені туралы қосымша хабардар боласыз.
Хабарлама әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
______________________________________________________________________ облысы
(астананың, республикалық маңызы бар қаланың немесе облыстың атауы)
________________________________________________________________ ауданы (қаласы)
(ауданның немесе аудандардың (қаланың) атауы)
қорғаныс істері жөніндегі басқармасының (бөлімінің) бастығы
_____________________________________________________________________________
(әскериатағы, қолы, тегі және инициалдары)
Орындаушы __________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)
Телефон ___________________
Алдым:
_____________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) (қолы)
20__жылғы «___» ____________

Қолданыстағы