О внесении изменений в приказ Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан от 9 октября 2020 года № 1-ОД «Об утверждении положений о территориальных подразделениях Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан от 9 октября 2020 года № 1-ОД «Об утверждении положений о территориальных подразделениях Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2020 жылғы 9 қазандағы № 1-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 309-ОД
- Қабылданған күні
- 04.11.2021
- Көрсетілген редакция
- 04.11.2021 160004_544005.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21X0000309
- ЭКБ идентификаторы
- 160004
- Редакция идентификаторы
- 160004_544005
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:07
0 «Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2020 жылғы 9 қазандағы № 1-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2020 жылғы 9 қазандағы № 1-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 030020, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Абай даңғылы, 17-үй.»;
көрсетілген бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32-көше, 16-ғимарат.».
2 2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін;