О внесении изменения в приказ Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан от 9 октября 2020 года № 1-ОД «Об утверждении положений о территориальных подразделениях Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан от 9 октября 2020 года № 1-ОД «Об утверждении положений о территориальных подразделениях Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2020 жылғы 9 қазандағы № 1-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 122/ОД
- Қабылданған күні
- 19.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 19.05.2023 181874_633755.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23X0000122
- ЭКБ идентификаторы
- 181874
- Редакция идентификаторы
- 181874_633755
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:54
0 «Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2020 жылғы 9 қазандағы № 1-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2020 жылғы 9 қазандағы № 1-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индекс 120008, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Абай көшесі, 52-үй.»;
2 2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Бәсекелестікті құқықтық реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;