О внесении изменений в приказ Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан от 9 октября 2020 года № 1-ОД «Об утверждении положений о территориальных подразделениях Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан от 9 октября 2020 года № 1-ОД «Об утверждении положений о территориальных подразделениях Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2020 жылғы 9 қазандағы № 1-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 30-ОД
- Қабылданған күні
- 01.02.2024
- Көрсетілген редакция
- 01.02.2024 193106_683976.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24X0000030
- ЭКБ идентификаторы
- 193106
- Редакция идентификаторы
- 193106_683976
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:21
0 «Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2020 жылғы 9 қазандағы № 1-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2020 жылғы 9 қазандағы № 1-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индекс Е02МОМ1, Атырау облысы, Атырау қаласы, Қ. Сәтбаев даңғылы, 13-үй.»;
көрсетілген бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Департаменттің заңды мекенжайы: индекс 161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы 32 көшесі 16 ғимарат.»;
көрсетілген бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индекс 050040, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Байзақов көшесі 303.»;
көрсетілген бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті туралы ережеде:
«8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индекс 160011, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Ғани Иляев көшесі 24/1».
2 2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Бәсекелестікті құқықтық реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан бастап бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;